Тілсіз жаудан сақтануда тәжірибе маңызды

Қауіпсіздік
17.05.2024, 11:30
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол қызметінде өрттен төнетін қауіп қай кезде болмасын жоғары. Сондықтан еңбек қауіпсіздігі бойынша тілсіз жаудан сақтану алдыңғы кезектегі мәселелер қатарында тұр.

Семей теміржолында бөлімше басшылығы мен салалық кәсіподақ ұйымының бастамасымен арнайы семинар-тренинг болып өтті. Негізгі тақырып – өрт қаупі туындаған жағдайдағы жедел әрекет және тілсіз жаудың алдын алу бойынша сақтық шараларын күшейту.  

Жиынға желі бойындағы барлық мекемелерден еңбекті қорғау инженерлері, өндірістік қауіпсіздік саласына жауапты мамандар жиналды. Семинар-тренинг барысында негізгі басымдық теміржол қызметіндегі стандартты емес жағдайлар кезіндегі қолданылатын дағды-машықты шыңдауға берілді. Яғни өрт қаупі туындаған шақтағы әрекет, шұғыл түрде апаттың алдын алу жұмыстарын үйлестіру мәселелеріне баса мән берілді. Өрт орын алған жағдайда адам және мүлік шығынына жол бермеу немесе тілсіз жаудан келер залалды мейлінше төмендету сөз болды. Бұл ретте ең бастысы тәжірибе, яғни әрбір қызметкердің қызыл жалынмен күрес жүргізуде тәжірибесі болуы тиіс. Яғни тосын жағдай туындаған шақта дүрбелеңге жол беріп, дағдарып қалмай жедел әрекет ете білулері қажет.  

Жиын барысында өрт сөндіру қызметінің мамандары атап өткендей, кеңседе жұмыс істейтін әрбір маман өрт сөндіру құрылғысымен жұмыс істей білуі керек. Осы орайда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің инспекторы Е.Тойкенов қызыл жалын тұтана қалған шақта әр ғимаратта сақталатын өртсөндіргіш құрылғымен жұмыс істеудің оңай тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп берді.  

Қатысушылар стандартты емес жұмыс жағдайында әрекет ету бойынша өзара пікір алмасты.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті