Техногендік сипаттағы төтенше жағдай қалай жойылды?

Қауіпсіздік
11.06.2024, 11:27
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Мәртөк станциясында Ақтөбе жүк тасымалы мен Ақтөбе магистральдық желі бөлімшелері бас инженерлерінің қатысуымен өртке қарсы оқу-жаттығу өтті. Азаматтық және қорғаныс қызметі өкілдерінің қатысуымен өткен кешенді шара жоспардағыдай қорытындыланды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Ақтөбе өрт сөндіру пойызы Мәртөк станциясында өткен тактикалық оқу-жаттығуға қатысты. Шара Ақтөбе облыстық ТЖД және Мәртөк аудандық әкімдігімен бірлесе өтті.  

Шартты түрде Мәртөк ауданының тұсында жүк пойызының цистернасы жолдан шығып кетті. Цистернада күкірт қышқылы бар. Ақтөбе өрт сөндіру пойызына техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою міндеті жүктелді. Күкірт тиелген цистернаның дәнекерлеген жерінен зақым келіп, 0,008 мм тесік пайда болды. Өрт сөндіру пойызының қызметкерлері арнайы қысқыш арқылы сыртқа атқылап жатқан күкірт қышқылының төгілуін тоқтатты. Жерге аққан күкірттің жан-жағын құм толтырылған қаптармен қоршап, ауаға тарамау үшін су бұршағы қолданылып, залалсыздандырылды.  

Туындаған қауіптің ауқымына қарай, оқиға орнында төтенше жағдайды жою бойынша жедел штаб құрылды. Апат орнына 16 адамнан тұратын жеке құрам жіберілді. Нәтижесінде күкірттің ауаға таралуын тоқтатып, қауіптің алды алынды.  

«Оқу-жаттығу болғанымен, шараны барынша шынайы жасауға тырыстық. Бұл – қызметкерлерді шыңдап, қауіп кезінде әрекеттерді есте сақтауына тиімді. Жаттығу кезінде ең алдымен жеке құрамның жедел және шапшаң, әр қимылды сауатты орындауы маңызды. Өрттің алдын алу бағытындағы жұмыстарды нығайту шарасы ойдағыдай өтті. Бұл апаттық жағдайда жұмыс істеуге жеңіл болады», – деді Ақтөбе өрт сөндіру пойызының бастығы Бауыржан Файзулла.  

Оқу жаттығу кезінде өрт сөндіру пойызының бөлімше бастығы А.Нығметов, газдан-түтіннен қорғау шеберлері К.Мұстафин мен Т.Сағиевтің шеберліктері ерекше аталды. Аса мұқияттылық танытып, күкірт тиеген цистерна тетігін бекітіп, ағып жатқан улы затпен жұмыс жасау шеберліктерін көрсете алды. Нәтижесінде уланып қалған тұрғын дер кезінде оқиға орнынан шығарылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Улы зат елдімекенге тараған жоқ. Тұрғындар зардар шекпеді. Жерге төгілген күкірт үсті толықтай көбікпен жабылды. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою талапқа сай жүзеге асырылды.  

 

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі