Өрт сөндіру пойызы тілсіз жауды тізгіндеуге атсалысты

Қауіпсіздік
29.07.2024, 13:16
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

27 шілде күні Шымкент қаласының «Ордабасы» индустриялық аймағының аумағында техникалық газ күкірті тұтанып, алапат өрт болды. Өртке қарсы қызмет саласының жүздеген техникасы мен маманы жұмылдырылған апат орнында Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Шымкент өрт сөндіру пойызы да болып, тілсіз жауды тізгіндеуге атсалысты.

Өрт сөндіру пойызының бастығы Сәкен Мекенбек жетекшілік еткен жылжымалы құрам да арнайы жасақталған құрал-сайманы мен 150 тонна су және 1,5 тонна көбікпен оқиға орнына шұғыл жетті.

– Біз үнемі жауынгерлік дайындықта тұратынымыз белгілі. Сенбі күні сағат 14:40-та НОД-9-дың №35 бұйрығы негізінде дабыл қағылды. Өрт сөндіру пойызы мен апатты аумақтың арасы 15 шақырым еді. 40 минутта жетіп, жедел іске кірістік. Ол жерде біздің негізгі мақсатымыз – төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен кеңесе отырып, өрт сөндірушілерге суды үздіксіз жеткізіп отыру болды, – дейді Сәкен Тұрсынәліұлы.

Пойыз бастығының түсіндіруінше, олар 50 тонналық 3 цистернамен оқиға орнына ә дегенде жеткенімен біраз уақыттан соң су сарқыла бастағаны сезілген. Себебі су қызған күкіртті суытқанымен, ашық ауада оның қайта тұтану қаупі жоғары еді.  Оның үстіне, бықсып шыққан түтіні адамның тыныс жолдарын зақымдауы әбден мүмкін.

– Осы жерде локомотив бригадасының қызметі зор  болды. Себебі Арыс локомотив пайдалану депосына қарасты Шымкент айналым депосының локомотиві өрт сөндіру пойызын оқиға орнына жеткізіп берді. Ал насосты станция вагонының қос қапталына тіркелген 50 тонналық цистерналарды кезекпе-кезек ағытып алып, су жеткізіп беруде Шымкент шина зауытының тепловозы мен машинистері жанын салды. Осылайша, түрлі мекеме болып әрқилы басшылыққа бағынғанымызбен, сын сағатта өзара үйлесіммен, түсінісіп, ырғақты жұмыс істедік, – дейді пойыз бастығы.

Жалпы, өрт 19:16-да оқшауланғанымен, келесі күні сағат 05:30-да толығымен сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ал тілсіз жаумен күресуге жалпы саны 700-ден астам адам, 129 бірлік техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. 1 200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт түтініндегі химиялық құрамның қауіптілігін ескерген жергілікті әкімдік пен жауапты мекеме өкілдері оқиға орнына жақын орналасқан ауданнан 400 адамды эвакуациялады.

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты