Қараусыз мал пойыз қозғалысына қауіп төндіруде

Қауіпсіздік
26.09.2024, 11:09
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесіндегі «солтүстік тармақ» аталатын Семей-Локоть телімінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі алаңдатып отыр. Себебі соңғы уақытта аталмыш телім бойында қараусыз жайылатын ірі қара мал көбейіп, пойыздар қозғалысына қауіп төндіруде.

Транзиттік жүк ағыны мол, халықаралық жолаушылар пойыздарының қозғалыс жиілігі жоғары желі бойы айрықша назар аудартып тұр. Жуырда Белағаш станциясына таяу маңдағы теміржол бойында жүк пойызы жылқыны қағып кетіп,   ірі қара мал опат болды. Іздестіру нәтижесінде желілік тәртіп сақшылары А есімді азаматтың жылқысын желі бойына қараусыз жайылымға жібергені анықталды. Тұрғын ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 559-бабы, 1-бөлімі бойынша жауапқа тартылған. Бұл тек бір ғана мысал.  

Жуырда шекара түбіндегі Ауыл станциясында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Басқосуға Ауыл станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Еркебұлан Құдайбергенов, Ауыл станциясының бастығы Қарлығаш Раймханова мен шекара қызметкерлері, әкімдік өкілдері қатысты. Жиында анықталған жайт сол, шекара шебіндегі аудан бойынша жайылымдық алқап жеткілікті. Ірі қара малы үшін үш, ұсақ мал үшін екі отар, ал жылқы түлігі үшін бір табын ұйымдастырылыпты. Әйтсе де, кейбір азаматтар малын қараусыз жібере салуын доғармай келеді. Соның себебінен теміржол бойындағы пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне елеулі түрде нұқсан келуде.  

Жиын барысында шекара бөлімшесі бастығы мен желілік полиция бөлімі басшылары сөз алып, күн тақырыбындағы мәселе жайында пікір білдірді.  

– Теміржол – қауіптілігі аса жоғары аймақ. Оның бойына мал жаюға үзілді-кесілді тыйым салынады. Бұл тәртіп бұзылған жағдайда заң аясында қатаң шаралар қолдануға мәжбүр боламыз, – деді желілік полиция бөлімінің бастығы Еркебұлан Құдайбергенов.

Сондай-ақ ендігі аралықта желі бойынан табылған мал қамалатынын жеткізді. Ал иелері қомақты айыппұл төлейді. Бұл әдіс телім бойындағы Жаңа-Семей, Жарма, Аягөз аудандарында кеңінен қолданылуда екен.  

Сөз орайында айта кетсек, бүгінде аймақ бойынша қараусыз малды уақытша қамауға арналған 110 арнайы тұрақ бар екен. Биылғы жылдың 8 айында қараусыз қалған 4 820 бас ірі қара осында орналастырылған.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті