Теміржолда «авариялық» жағдайдың алды алынды

Қауіпсіздік
01.11.2024, 13:34

Шығыс Қазақстан облысының авариялық-құтқару қызметтері улы заттарды құю апатын жою дағдыларын шыңдады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаттығуда теміржол цистернасының апаттық қысымын төмендету нәтижесінде сұйық аммиак төгіліп, улы газдың қауіпті бұлты пайда болды. Оқу-жаттығу орнында төтенше жағдайды жою штабы құрылды. Құтқарушылар тобы шартты зардап шеккендерді қауіпсіз аймаққа қорғауды және эвакуациялауды қамтамасыз етіп, жедел әрекет етті. Апаттар медицинасы орталығының филиалы шартты жарақат алған қызметкерлерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«ҚТЖ» АҚ мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметімен бірлесіп, аммиак бұлтына тұндыру жүргізілді, аммиактың булануын болдырмау үшін көбік жастық жасалды және цистернаға авариялық бандаж орнатылды. Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері техника мен жеке құрамды өлшеу, топырақ іріктеу және газсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Авариялық-құтқару қызметтерінің үйлесімді іс-қимылдары барысында төтенше жағдай жойылды. Улы сұйықтықтарды құю апаты болған жағдайда, іргелес аумақтағы аймақтардың газдануы орын алады, бұл объектінің жанында тұратын адамдарға қауіп төндіруі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының ТЖД бөлімшелер өз дағдыларын ғана емес, сондай-ақ осындай төтенше жағдайда қажетті теміржол және басқа да қызметтердің өкілдерімен өзара іс-қимылды пысықтады.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері теміржолда хлордың ағуы кезіндегі авариялық жағдай бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтады.   

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» - «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» ЖШС базасында хлордың ағу салдырын жою, су пердесін орнату, өрт сөндіру пойызы сұйық хлордың бетіне көбік шашу арқылы бейтараптандыру, зарддап шеккендерге көмек көрсету, ықтимал улану аймағын анықтау және жеке құрам мен техниканы санитарлық тазалаудан өткізу бойынша іс-қимылдар жүргізілді. Жаттығу барысында аңыз бойынша орын алған төтенше жағдай толығымен жойылды. Жұмылдырылған қызметтер жинақы, жылдам әрі кәсіби әрекет етті.

 

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі