Басты мақсат – «нөлдік травматизм»

Қауіпсіздік
06.12.2024, 09:08
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей локомотив пайдалану депосы өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жаңа кезеңіне көшті. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Мәселен, бүгінгі таңда депода әрбір сейсенбі күні локомотив бригадаларымен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Онда жалақы төлеуден бастап қозғалыс қауіпсіздігін сақтау талаптарына дейін сөз болады. Өндірістік дәрігерлерге де кезек беріліп, жұмыс барысындағы оқыс оқиғалар кезіндегі жедел әрекет мәселелері кеңінен түсіндіріледі.  

Негізінен еңбекті қорғау секторы ұйытқы болатын мұндай техникалық дәрістер барысында «Алғашқы медициналық көмек көрсету» шараларына басымдық беріледі. Мысалы, соңғы ұйымдастырылған дәріс кезінде жарақат алу кезіндегі қан тоқтату, жүрекке массаж жасау мен өкпені жасанды түрде желдету жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

Депода өндірістік қауіпсіздікке ерекше мән берілуі тегін емес. Биылғы жылы наурыз айының 7-і күні жазатайым оқиға орын алып, бір қызметкер зардап шеккен болатын. Сол тәрізді көктемгі комиссиялық тексеру кезінде де локомотив шаруашылығына көп сын айтылған-ды. Келер жылға алға қойылып отырған басты мақсат – «нөлдік травматизм» болып отыр.

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады