Қауіпсіздік шаралары басты назарда

Қауіпсіздік
28.03.2025, 09:06
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар қауымы ұлыстың ұлы күніне орай демалыс күндері де қауіпсіздік шараларын бір сәтке де күн тақырыбынан түсірмей, назарда ұстады.

Мейрам күндері байтақ бөлімше бойынша еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттануға жол бермеу және қозғалыс қауіпсіздігін сақтау жөніндегі кешенді жұмыстар толық көлемде жүргізілді. Яғни қызмет орындарында мереке күндерінде де босаңсуға жол берілмейді. Бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, экология бөлімінің мамандары әсіресе түнгі ауысым бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бөлім басшысы Ерлан Сальев пен тораптық станциялардың және қозғалыс саласына жауапты өзге де мекемелер бас инженерлерінің қатысуымен тексеру, қадағалау жұмыстары аясында бірқатар мәселелер назарға алынды. Атап айтсақ, түнгі ауысымға шығатын қызметкерлердің қан қысымын өлшеу, алкотес- тер сынамасын алу шаралары басты орынға қойылды.  

Сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер барысында локомотив бригадалары мен пойыз құрастырушылар қызметінің де тиісті нұсқаулық бойынша жүзеге асырылуы қадағаланды. Бұл орайда бөлімше басшылығы жүк станциялары мен Семей – Шар, Жаңғызтөбе – Аягөз телімдері бойын да назарға алды. Көктемгі қызыл су қаупі жоғары аймақтар ретінде Жаңа-Семей және Аягөз жол дистанцияларының қарамағындағы участоктар біршама алаңдатқаны рас. Осынау орайда желі бойына шығатын локомотив бригадаларына жіті қырағы болу тапсырылды. Тыңғылықты тексеру, қырағылықты арттыру нәтижесінде өткен бескүндік демалыс барысы тосын оқиғаларсыз өтті.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті