Теміржолдағы төтенше жағдай: Шиеліде өрт сөндірушілер кәсіби шеберліктерін шыңдады

Қауіпсіздік
26.05.2025, 10:14
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральды желі бөлімшесіне қарасты Шиелі өрт сөндіру пойызы (ПП-30) теміржолшыларының кәсіби дағдысын шыңдау мақсатында, Шиелі станциясында, құрылымдық мекемелермен бірлесіп өрт тактикалық жаттығуын өтті. Шиелілік өрт сөндірушілер теміржол бойындағы төтенше жағдайға қарсы тактикалық-оқу жаттығуы барысында қауіпті жүктің тасымалында болуы мүмкін қауіптен арылудың жолын қарастырды. Осылайша өрт сөндіруші сарбаздардың төтенше жағдайға дайындығы пысықталды.

Қауіпті жүкті тасымалдау – теміржол саласындағы ең жауапты да күрделі міндеттердің бірі. Себебі, бұл жерде әр секунд, әр қимыл-адам өмірі мен инфрақұрылымның қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Осы ретте Шиелі станциясында «Қауіпті жүкті теміржол транспортымен тасымалдау кезіндегі қауіптің-жүктің ағуын тоқтату» тақырыбында өткен тактикалық-оқу жаттығуы кәсіби шеберлік пен дайындықтың нақты көрсеткіші болды.

Жаттығуға Шиелі өртке қарсы күрес пойызының ұжымы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, Қызылорда электрмен жабдықтау, сигнализация және байланыс, жол дистанциясы мекемелері және әскери-теміржол қызметінің сарбаздары қатысты. Жаттығуға Шиелі өртке қарсы күрес пойызының бастығы Ғалымжан Болғанбаев және құзырлы органдардың басшылары басшылық жасап, бақылау өткізді.

Сағат 09:59-да станцияның бесінші жолына 2818 жүк пойызы тоқтаған. Сол сәтте оның құрамындағы «Бензин» деп белгіленген жетінші вагоннан түтін байқалады. Жол қызметкерлері жедел түрде тиісті құрылымдарға хабарлап, үш минут ішінде қауіпті вагон құрамнан ажыратылып үлгерді. Жағдай өрт сөндірушілердің дайындығын бағалау үшін жасанда болса да теміржолшылардың әреткеті сенімді, нақты болды. Сағат 10:10-да өрт сөндіру пойызы оқиға орнына келіп, жағдайды бағалап, бағыт-бағдарын анықтап, нақты қимылға көшті. Сағат 10:08-де өрт ошағы оқшауланып, 10:14-те толықтай сөндірілді. Жаттығу 10:35-те сәтті қорытындыланды.

«Жаттығу барысында әріптестерімнің шапшаң ойлап, дұрыс шешім қабылдауы, бір-бірімен ымыраласып, үйлесімді қимылдауы, бағытты нақты анықтап, өртті дер кезінде оқшаулап, сөндіре алуы – осындай тәжірибелік жаттығулардың пайдасын көрсетеді. Теорияны тәжірибемен ұштастыру – мамандардың кәсіби дайындығын арттырады. Кәсіби дайындық – қауіпсіздіктің кепілі», - дейді Өртке қарсы күрес пойызының бастығы Ғалымжан Болғанбаев.

Ерлік еңбекпен өлшенетіндіктен, теміржолшылардың жаттығу кезіндегі әрекеті, қимылы, тактика, амал-айлалары бәрі назардан тыс қалмай сарапқа салынды. Жаттығу барысында кәсіби шеберлігімен ерекше көзге түскендер де аз болмады. Атап айтқанда, аға өрт сөндіруші Жалғас Ибатаев, бөлімше басшылары Оңал Самат пен Жұмасейтов Болат, өрт сөндірушілер Жанабеков Жандос пен Жанайдарұлы Досхан, көлік жүргізушілер Алдан Қасиет, Шайхымбеков Ахмет, Өтегенов Нұрбек өздерінің шеберлігін дәлелдеді. Олар қиын сәтте табандылығы мен ұйымшылдығы арқылы әріптестеріне үлгі бола білді.

Мұндай жаттығулар қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үздік тәсіл. Себебі шынайы жағдайда дәл осындай дайындық пен дағды өмір мен өлім арасындағы басты өлшемге айналады.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты