Теміржолшылар техникалық сабаққа қатысты

Қауіпсіздік
27.05.2025, 08:58
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе және Батыс Қазақстан бөлімшелерінің теміржолшылары «Мәдениет пен еңбек қауіпсіздігі» тақырыбындағы техникалық сабаққа қатысты. Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатындағы іс-шара жаңаша форматта өтті.

Техникалық сабаққа бұрын жұмыс орнында жазатайым оқиғадан зардап шеккен, өндірістік жарақат алған жұмысшылар да қатысты. Олардың қатарында Зинекен Шеге, Муталипов Ақназар бар. Олар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Өздерінің қатысуымен болған қайғылы оқиғаларды баяндады. Қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың нақты салдарын көрсетті. Кішкентай қателіктің өмірін түбегейлі өзгерткенін айтып берді. Олардың сөздері қатысушыларға үлкен ой салды.  

«Басты мақсат – нөлдік жарақат алу деңгейіне жету. Сол үшін алдымызға міндет қойылды. Теміржолшылардың қауіпсіздік мәдениеті деңгейін көтеру маңызды сұрақ. Қауіпсіздіктің іс-қимыл диалогы әрбір қызметкердің қауіпті еңбек жағдайын анықтап, оны платформада тіркеуіне құқық береді», – деді Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің жетекші инженері Бақытнұр Ермекова.  

Курс барысында тәжірибелік жағдайлар мысалға келтірілді. Алгоритмдер арқылы қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері көрсетілді. Қатысушылар мұндай сабақтар еңбек қауіпсіздігіне деген көзқарасты түбегейлі өзгертудің бастамасы екенін атап өтті.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті