Қауіпсіздікке қойылар талап қатаң

Қауіпсіздік
12.06.2025, 09:11
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудың кешенді іс-шаралары жоғары деңгейде жүргізілуде. Алаңдатарлық мәселелер де жоқ емес. Әсіресе жол бойындағы қараусыз мал, теміржолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтетін жауапсыз жаяу жүргіншілер т.б. ахуалды жіті бақылауға алып, әрдайым сақтық танытуды міндеттейді.

Бұл туралы жуырда Қауіпсіздік департаментінің Семей учаскесі бойынша аймақтық бас ревизоры Темірбек Акчалов өткізген жиын барысында кеңінен талқыланды.

Басқосуда Семей жүк тасымалы және Семей магистральдық желі бөлімшесі басшыларының өткен бес айдағы қауіпсіздік шаралары бойынша жасаған есептері тыңдалып, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша өзекті мәселелер сөз болды.

Айта кетер жайт, өткен бес ай ішінде бөлімше көлемінде қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактілері орын алмаған. Бұл бір есептен РБ-6 аппараты жүргізген іс-шаралар нәтижесінде де орын алып отыр десек қателеспейміз. Мәселен, бөлімше ревизорлары осы уақыт аралығында 308 тексеру, оның ішінде 26 тосын тексеріс, 31 түнгі тексеріс және 251 мәрте жоспарлы түрдегі тексерістер жүргізіпті.  

-Тексеру қорытындыларына сүйенсек, нормативтік-техникалық құжаттардан, жылжымалы құрамдар мен құрылғыларға күтім жасау нормаларын 3980 бұзу және ауытқу оқиғасы анықталды. Соның аясында жалпы саны 781 шектеу шаралары қолданылды және 65 жұмыскер білімдерін қайта шыңдауға жіберілді, - дейді бұл орайда Темірбек Иманғабасұлы.

Орын алған ақаулықтар арасында техникалық үдерістерді бұзу бойынша 1548 кемшілік көрініс тапқан. Демек, семейлік теміржолшылар үшін осы бағыт бойынша күш жұмылдыру қажет деген сөз.  Десекте, желі бойында локомотивтерді шұғыл тежеу жағдайлары өзекті болып тұр. Бес ай ішінде мұндай 51 жайт орын алған.  Өкініштісі,  оның ішінде 14 мал, үш адамды басу фактілері тіркелген. Бұл қараусыз мал бойынша шаруа қожалықтары жауапсыздық танытса, жаяу жүргіншілер жылжымалы құрамнан төнер қауіпті елемейді. НОД-ЖТ және НЖС-6 басшылары осындай жағдайлардың қайталанбауы үшін тиісті мекемелерге төрт хаттама жіберді. Бұл шаралардың сыртында тұрғындарды ақпараттандыру шаралары да тұрақты түрде жүргізілуде.

Жалпы қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша РБ-6 аппараты әр ай сайын талдау жасауда. Семей магистральдық желі бөлімшесі және желі бойындағы мекемелер басшыларына жіберілген ақауларды қалпына келтіріп, қауіпсізікті бұзуға алып келетін себептерді қайталамау бойынша ұсыныстар жасалды. Ал, оның орындалу барысы бөлімше басшыларымен қатар аймақтың бас ревизоры Темірбек Акчаловтың да қатаң бақылауында болады.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті