Дала өртімен күрес: Семей теміржолшылары қауіпсіздік шараларын күшейтті

Қауіпсіздік
18.07.2025, 08:23
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша орман және дала өрттерінің қауіпті кезеңі өтуде. Қазіргі ахуал қатаң бақылауда тұр. Жергілікті теміржолшылар қауіпсіздік іс-шараларын күшейтуде.

Әйтсе де, қауіп аяқ астынан. Себебі өрттің алдын алуға байланысты қабылданған шараларға қарамастан, биыл табиғи өрттің саны біршама өскен. Жыл басынан бері Семей магистральдық желі бөлімшесі аумағында жалпы саны 252 дала өрті тіркелген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есеге артық көрсеткіш.  

Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің басшысы Мұрат Мұқажановтың айтуынша, жергілікті өрт сөндіру пойыздары толықтай тосын жайтқа дайын. Барлық өртке қарсы құрылымдармен тығыз әріптестік орнатылған.  

Мәселен, Семей ЖТ бөлімшесінің 119 шақырымды құрайтын Семей – Локоть телімі, яғни «Солтүстік тармақ» өтетін орман аумағында өртті ерте анықтайтын арнайы автоматтандырылған жүйе орнату қолға алынуда.  

Сонымен қатар теміржолшылар облыстық азаматтық қорғау басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, өңірдегі ерікті өртке қарсы құрылымдардың жұмысын саралап, нәтижесін нақтылауға қатысуда. Жалпы, теміржолшылардың тілсіз жауды ауыздықтауда тәжірибесі мен біліктілігі жоғары. Жыл басынан бері өрт сөндіру пойызы бірнеше мәрте бөлімше көлеміндегі қызыл жалын орын алған жерлерге жедел түрде барып, тілсіз жауды сөндіруге атсалысты.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті