Ұрлық түбі – қорлық

Қауіпсіздік
19.08.2025, 10:47
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, қылмыстық істер бойынша кең ауқымда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді. Дер кезінде анықталған шаралардың нәтижесінде қылмысқа барғандар тиісті жазасын алып жатады. Соның бірі – желілік полиция жолын кескен ұрлық фактісі.

Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Олег Родякиннің айтуынша, оқиға өткен жылы болған. Бөлімшеге қала көшелерінің бірінде темір жолдың құрылыс материалы тиелген «БМВ» маркалы екі машина кетіп бара жатқаны туралы хабарланады. Полиция қызметкерлері дереу көліктердің ізіне түседі. Мұны байқаған күдіктілер жылдамдықты арттырып, қашып кетуге тырысады. Ақыры соңында көліктерін тастап, өздері іздерін суытқан.  

Көлікті қолға түсірген соң желілік полиция қызметкерлері кең ауқымда жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, осы қылмысқа қатысы бар тұлғалардың барлығының ұрлық әрекетін дәлелдеп, материалды сотқа жолдаған.  

– ПЧ-51 Жамбыл жол дистанциясының күдікті Н. есімді жұмысшысы 21 маусымға қараған түні Тараз қаласы, М.Тынышпаев көшесінің бойында орналасқан дистанцияның аспалы құлыппен жабылатын теміржол бұйымдарын сақтауға арналған өндірістік учаскесінің №1 табель қоймасы арнайы күзетілмейтінін, сол күні тек әріптесі А. есімді азамат осы қойманы сырттай бақылап жүретінін анықтап, оңай жолмен пайда табу мақсатында қоймадан теміржол бұйымдарын ұрлауға жоспар құрған. Осы мақсатта ұялы телефоны арқылы танысы Ж. есімді азаматқа хабарласып, жоспарымен бөліскен. Ж. оның ұсынысын қолдаған.  

Осылайша 20.06.2024 жылы сағат 23.00 шамасында Ж. өзінің екі інісіне және Н. есімді туысына хабарласып, қоймаға шақырады. Інілерінің бәрі бұрын сотты болған. А. және Н. есімді інілері «БМВ» маркалы автокөліктерімен келген. Н. есімді теміржолшы және оның Ж. есімді сыбайласы екеуі аталған қойманың жанындағы темір баспалдақпен көтеріліп, шатырды тартып жылжытып, қойманың үстін ашып, қойма ішіндегі тесіктен сыртта оларды күтіп тұрғандарға стрелка бағыт табандығы, бұрма табандығы сияқты теміржол бөлшектерін лақтырған. Қақпаның сыртындағылар оларды көлікке тиеген, – дейді Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы О.Родякин.  

Ұрылар ПЧ-51 өндірістік учаскесінің №1 табель қоймасының шатырын тартып жылжыту арқылы ашып, қойманың ішіне заңсыз кіріп, 42 493 теңгеге материалдық зиян келтірген.  

Желілік полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыс толығымен дәлелденіп, Н. және ағайынды Ж., А. есімді азаматтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына мүлкін тәркілеусіз 3 жыл мерзімнен бас бостандықтарынан шектеу жазасы тағайындалды.  

Сондай-ақ ағайынды А. және Н. есімді азаматтар Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына мүлкін тәркілеусіз 2 жыл 6 ай мерзімнен бас бостандықтарынан шектеу жазасы тағайындалған.

 

Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды