Теміржол бойындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қауіпсіздік
02.02.2026, 12:13
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Желі бойындағы жүк тасымалының артуы күзет шараларын күшейтуді де талап етуде. Бұл ретте тек тораптық станцияларда ғана емес, шағын жол айрықтарына да баса мән берілуде.  

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Семей филиалының өңіраралық шұғыл әрекет ету оңтайлы тобының жеке құрамы жоспарлы жұмыстарды барынша күшейтуде. Атап айтсақ, профилактикалық, қауіпсіздік сақтау және теміржол бойындағы ұрлық фактілерінің алдын алу мақсатындағы іс-шаралар қатарын ұйымдастыру жұмыстары тың бағытта жүргізіліп жатыр.

Бүгінде Самат Райымбеков басшылық ететін филиал жігіттері желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізуді де жолға қойған. Мәселен, жуырда Семей, Жаңа-Семей және Аягөз станциялары аумағында күдік тудыратын азаматтардың құжаттары тексеріліп, теміржол бойында қауіпсіз жүріп-тұру тақырыбында нұсқамалар жүргізілді. Желі бойында жұмыс жүргізіп жатқан теміржолшылардың іс-әрекеттері де назарға алынды.

– Қызметтің негізгі мақсаты – қызметкерлердің қауіпсіздік шараларын сақтауын, жүк құрамаларының ақаусыз түрде белгіленген орындарға жеткізілуін қадағалап, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу. Профилактикалық жұмыстар тәулікпен санаспай жүргізілуде, – дейді бұл ретте ӘТЖК Семей филиалы басшылығы.

Белгілі болғандай жылжымалы құрамдардан жиі ұрланатын тауар – көмір. Шағын станциялардағы 5-10 минуттық аялдаудың өзі қатты отынды қаптап алуға жетіп жатыр. Десек те, соңғы уақыттары қадағалау шараларының күшейтілуі себепті мұндай фактілерге жол берілмегенін айта кету керек.  

Жүк құрамдарының қозғалысы барысында қауіпсіздік тек тепловоз кабинасынан ғана бақыланып қоймайды. Қызметтік көліктер мен түнгі мезгілде күндізгідей көруге мүмкіндік беретін бірегей бинокльдер, квадракоптерлер пайдаланылады. Желі бойын барлау мен әуеден бейнетүсірілім жасау және мониторинг жүргізу үшін дрон тәрізді ұшқышсыз басқарылатын аппараттарын қолданудың маңызы зор. Яғни пойыздардың қауіпсіздігі биіктен де бақыланады. Түйіндей айтсақ, бүгінгі Семей теміржолының 1394 шақырымдық телімі сенімді қолда.

Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті