Шұғыл тежелу – үлкен шығын

Қауіпсіздік
31.03.2026, 08:41
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесінде қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша жазғы маусымдағы атқарылуы тиіс іс-шаралар қатары пысықталуда. Соның ішінде жолды күрделі жөндеуден өткізу мен желі бойына қараусыз малдан қорғайтын қоршаулар салу жұмыстары алғашқы кезекте тұр.

Жасыратыны жоқ, пойыздар қозғалысында қараусыз жайылған малдан келер қауіп азаймай тұр. Қазіргі таңда бөлімшеге қарасты желі бойында жолаушылар пойыздары сағатына 120 км жылдамдықпен жүйітки алады. Бір қынжылтары, адамдар мен төрт түліктің кесірінен жолаушылар және жүк пойыздарының шұғыл тежелулері азаймай отыр, әсіресе Семей учаскесінде...

Мәселен, өткен жылы бөгде адамдардың қатысуымен апатты тежеудің жеті оқиғасы тіркеліпті. Соның ішінде екі адам алған жарақаттары салдарынан қаза болды. Сол тәрізді 48 апатты тежеу салдары желі бойындағы шаруашылықтарға тиесілі қараусыз жайылған малдың пойызға соқтығуына алып келген. Нәтижесінде тепловоздар зақымданып, пойыздар кестеден кешіккен. Бұл – әрине елеулі шығын.  

Жалпы, желі бойындағы шұғыл тежелулердің басты себебі адамдардың төрт түліктерін жаю ережелері талаптарын өрескел бұзу болып отыр.  

– Осы орайда Семей магистральдық желі бөлімшесі азаматтардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуда. Сондықтан жазатайым оқиғалардың алдын алу және теміржол қоршауларын орнату үшін жыл сайын жоспарлы іс-шараларды қолға алып, үнемі алдын алу шараларын жүргізуде. Желі бойындағы шұғыл тежеудің алдын алу үшін аудандық, қалалық әкімдіктерге, облыстық білім беру департаментіне, полиция департаментіне және ауыл шаруашылығы департаментіне арнайы хаттар жіберілді. Сонымен қатар ағымдағы жылдың алғашқы екі айында станциялар мен желі бойына таяу орналасқан мектептерде жергілікті тұрғындармен 12 мәрте кездесу өткізілді, – дейді бұл орайда НЖС-6 бөлімшесі жол бөлімінің мамандары.  

Мұнымен қоса теміржолшылар азаматтарға желі бойынан қауіпсіз өту ережелерін түсіндіру үшін жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп тоғыз рет рейд өткізіпті. Шаруа қожалықтары иелерімен 20 кездесу ұйымдастырылса, 779 шаруаға теміржол маңында мал жаю ережелері туралы ақпарат берілген.  

Десек те, Дегелең – Жаңа-Семей, Жаңа-Семей – Шар сынды пойыздар жылдамдығы жоғары қумажолдар бойына қоршау салу ісі биылдан бастап қарқын алмақ. Осыған дейінгі бес жыл ішінде жалпы көлемі 229 км ұзындықтағы жолға малдың кіруіне жол бермеу үшін қоршаулар салыныпты. Ал биылғы жылға жолдың қос қапталын қоса алғанда 37 шақырымдық мал қоршауын салу және 410 км қолданыстағы қоршауды күрделі жөндеу жоспарлануда.  

Теміржол өткелдеріндегі апаттардың алдын алу үшін полиция қызметкерлерімен бірлескен патрульдік шаралар да үнемі өткізіліп тұрады. Биылғы жылдың алғашқы екі айында сегіз мәрте рейд жүргізіліп, 626 көлік жүргізуші темір жолдан өту ережелері бойынша ақпараттандырылыпты. Әйтсе де, қынжылтары сол, жергілікті тұрғындар мен шаруашылықтарға жүргізілген түсіндіру жұмыстары күтілген нәтиже бермей отыр. Ал қозғалыс қауіпсіздігіне қойылар талап күшейе түсуде.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты