Тілсіз жауға тосқауыл

Қауіпсіздік
01.05.2026, 10:19
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Синоптиктер биыл қуаңшылық болуы мүмкін екенін ескертеді. Демек, шөлейтті аймақ саналатын Ақтоғай мен Аягөз станциялары аралығында өрт қаупі кезеңі басталды деген сөз.

Осы жағдайға ерекше алаңдаушылық білдірген Аягөз жол дистанциясының жолшылары жуырда Аягөз станциясындағы өрт сөндіру пойызымен бірлесіп желі бойында айрықша іс-шара өткізді. Сондай-ақ Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мамандары да қатысқан бұл шарада өрт қаупі кезеңінің басталуына байланысты жол жиегіндегі өткен жылғы құрғақ шөп пен бұталарды жағу жұмыстары жүргізілді. Бұл бір есептен дала өртінің алдын алу болса, екінші жағынан тілсіз жаумен күресте даярлық жүргізу, жаттығу, жоспарлы жұмыстарды пысықтау болды.  

– Аягөз өңірінде жазғы мезгілде дала өрті жиі орын алатынын айта кету керек. Құрғақ климат, жауын-шашынның аз болуы тілсіз жаудың аяқ асты тұтануына себеп болады. Мұндайда желі бойындағы теміржол құрылғыларына төнер қауіп те еселенетіні белгілі. Бұл ретте жолшылар қауымы алғашқы кезекте қырағылық танытып, бірдеңе болса бірден дабыл қағады, – дейді ПЧ-42 директорының орынбасары Болат Мұстафинов.  

Жалпы, осыған дейін Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты аумақта 2 мәрте орман өрті тіркелген. Өңірде дала өртінің алдын алу бағытында бірқатар кешенді жұмыстар жүргізілуде. НЖС-6 бөлімшесі бойынша дала өрттерінің ықтималдығын төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, қазірден бастап іске асырылып жатыр.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті