Қауіпті аймақтың қатаң талаптары

Қауіпсіздік
01.05.2026, 11:19
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Темір жол – аса қауіпті аймақ. Темір жол бойында жүргенде ерекше сақтық пен қырағылық қажет. Алайда көп жағдайда адамдар қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемей, өз өмірлерін қатерге тігеді. Ал темір жолдағы бейқамдық қайғылы жағдайларға әкелетінін естен шығармаған абзал.

Биылғы жылдың алғашқы үш айында теміржол инфрақұрылымы нысандарында адамдарды пойыз қағып кетудің 15 дерегі тіркелген. 10 жағдай қайғылы аяқталып, 5 адам түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің басым бөлігі 50 жастан асқан азаматтар.  

Жарақаттанудың негізгі себептері сол баяғы темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, жаяу жүргіншілер өткелдері мен көпірлерін пайдаланбау, ішімдік ішкен немесе құлаққаппен жүру болып отыр. Асығыстық, немқұрайлылық, теміржол маңындағы ойындар орны толмас өкінішке ұрындыруда.  

Адамдарды қағып кетудің алдын алу мақсатында локомотив бригадалары 130 рет шұғыл тежеу қолданған. Мұндай жағдайлардың көбісі Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе және Жамбыл облыстары аумағында тіркеліп отыр.  

Сала мамандары халық арасында түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіп келеді. Есепті кезеңде көлік прокуратурасы мен полиция өкілдерінің қатысуымен 47 үйлестіру кеңесінің отырысы өткізіліп, елдімекен тұрғындарымен 45 мыңға жуық адамды қамтыған 1 877 кездесу ұйымдастырылған, құқық қорғау органдарымен бірлескен 1 272 рейд өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында 238 жарияланым жасалған.  

Теміржол маңында қараусыз жайылған мал да қозғалыс қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіруде. Мәселен, жыл басынан бері машинистер 300-ден астам шұғыл тежеу қолданып, темір жолда малды қағып кетудің 184 дерегі тіркелген. Биыл да 2 рет жолаушылар пойызы мал басып кетіп, жылжымалы құрамға зақым келгенін айтпағанда пойыздардың 3 сағаттан астам кешігуіне себеп болған. Яғни тасымал сапасына кері әсерін тигізді әрі материалдық шығындарға алып келді. Жыл басынан бері 13 мыңнан астам адамды қамтыған 507 кездесу ұйымдастырылып, 20 мыңнан астам мал иесіне теміржол арқылы мал айдау және бағу ережелері түсіндірілген, 17 600 әкімшілік құқықбұзушылық туралы үзінді таратылған.  

Теміржолшыларды алаңдататын келесі бір мәселе, автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін сақтамауы болып отыр. Жыл басынан бері теміржол өткелдерінде жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан 3 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алған. Жеке кірме жолдарда да 7 жол-көлік оқиғасы болып, 7 адам зардап шекті. Компания өкілдері көліктегі желілік полициямен бірлесіп 427 рейд өткізіп, 50 құқықбұзушылықты анықтады. Сонымен қатар автокәсіпорындарда 4 830 адам қатысқан 213 кездесу өткізіліп, БАҚ-та 24 жарияланым жарық көрді. Теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларына негізгі себеп, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы және тәртіптің төмендігі болып отыр. Мұндай бұзушылықтар тіпті жұмыс істеп тұрған сигналдың тыйым салу белгісіне қарамастан орын алуда.  

Десек те, 2026 жылдың бірінші тоқсанында теміржол өткелдерінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары санының 30%-ға төмендеуі тіркеліп отыр. Бұл ұлттық компания тарапынан қауіпсіздікті арттыру мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілген кешенді профилактикалық жұмыс нәтижесі деу керек. Мәселен, жыл басынан бергі үш айда 300-ге жуық профилактикалық рейд жүргізіліп, 150 мыңнан астам жүргізуші теміржол өткелдері арқылы өту ережелерімен танысқан.  

Өткен жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құқық қорғау органдарымен бірлесіп заңнамаға енгізілген темір жолда апатты төмендету және тәртіпті арттыру бағытындағы түзетулер қолданылып келеді. Соған сәйкес ереже бұзып, тәртіпті сақтамаған азаматтарға: темір жол бойында белгіленбеген жерден өткені үшін – 3 АЕК, қайталанса – 5 АЕК; мал айдағаны және жол төсемі белдеуінде жайылғаны үшін – 5 АЕК, қайталанса 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал теміржол өткелдерінің жол жүру ережелерін бұзғаны үшін 20 АЕК салынып, теміржол мүлкіне зиян келтірілген жағдайда жүргізуші куәлігінен 9 айға дейін айырылуы мүмкін. Демек, қауіпті аймақтың қатаң талаптары сөзсіз сақталуы тиіс.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл