Атыраулық теміржолшылар темір жол бойындағы өртті ауыздықтады

Қауіпсіздік
26.05.2026, 09:05
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Құлсары жол дистанциясының жолшылары темір жол бойындағы дала өртін сөндіруге атсалысып, магистральдық желінің және әрлі-берлі өтіп жатқан пойыздардың отқа орануына жол бермеді.

Өндірістік оқыту шебері А. Сисенгалиеваның берген мәліметтеріне сүйенсек, 2026 жылы 26 ақпанда сағат 14:25-те жол диспетчері С. Батыроваға Рзд469-Шоқпартоғай аралығының 1258 шақырымында темір жолға жақын аумақта дала шөбінің жануы орын алғаны туралы хабар түседі. Осы хабарды естіген бойда ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық өрт сөндіру бөліміне және де тиісті лауазымды басшыларға хабарлаған. Сағат 14:26-да Құлсары қаласы 101 өрт сөндіру бөліміне және ПД-12 Б. Құрманбаевқа хабар беріліп, телім бастығының орынбасары Ж. Рзабаев, бас инженер С. Қойбағаровқа, дистанция бастығы Н. Байбосыновқа жағдай бойынша ақпарат уақытылы және белгіленген тәртіпке сәйкес жеткізіледі.  

Бас инженер С. Қойбағаров пен жол инженері Н. Қалабай оқиға орнына шұғыл жүріп кетеді де, Рзд469-Шоқпартоғай бекеттері аралығында темір жолдың оң жақ бетінде дала шөбінің жануы орын алғанын анықтайды. Сол бойда телімдегі жолдарды жабуды ұйымдастырып, басқа пойыздарға қауіп төнбеуін қамтамасыз етеді.  

Оған дейін жол диспетчерінен хабар алған Рзд469-Шоқпартоғай аралығының жол шебері Б. Құрманбаев пен бригадир А. Сәдуақас және жолшылар – А. Құлғариев, Б. Айтқұл, А. Маратов, Қ. Молдағалиев, Е. Сайынов оқиға орнына жеткен бойда өртті сөндіре бастайды.  

– Апат айтып келмейді. Дала шөбінің жануы қозғалысқа қауіп келтіргені рас. Сондықтан да оны тез өшіруге тырыстық. Алдымен сол маңда жүрген жол маманы Абат Құлғариев бірінші боп жетіп, өз бетімен өртті сөндіре бастады, сосын біз де жеттік, – дейді жол шебері Бейбіт Құрманбаев.  

Тілсіз жау бір сағат ішінде құрықталды. Дегенмен біраз уақыттан кейін оқиға орнына өрт сөндіру автокөлігімен ПЧ-11 мекемесінің 10 жол жөндеушісі және ЭЧ-қызметкерлерінен 4 адам қолда бар құрал-жабдықтармен өртті сөндіруге жұмылдырылады. Мақат станциясынан №44 өрт сөндіру пойызы да 11 өрт сөндірушімен келіп, өрт сөндіру жұмыстарына қосылады. Осылайша, дала өрті толық сөндіріліп, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жол мамандарының еңбегі еш кетпей, басшылық тарапынан Алғыс хатқа ие болды.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл