Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?

Қауіпсіздік
22.06.2026, 11:27
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесі, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Атырау» және «Қазтеміртранс» филиалдары азаматтық қорғаныс іс-шаралары аясында «Өрт кезінде қызметкерлерді эвакуациялау» тақырыбында қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен бірлескен практикалық оқу-жаттығу өткізді.

Қандай да төтенше жағдайлар кезінде адамдардың абдырап қалатыны рас. Ондайда салқынқандылық пен ұстамдылық аса қажет. Сондықтан оған жаттығып отырудың артықтығы жоқ. Аталған іс-шара Атырау өңірінде ауа температурасының күрт жоғарылауы мен өрт қаупі туған жағдайда теміржол қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарын пысықтауға, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін жетілдіруге бағытталған.

Жаттығу шартына сәйкес, ғимараттың екінші қабатында электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өрт шығып, қапталдас тұрған басқа мекеме ғимаратына қарай өршуі мүмкін деген болжаммен дабыл қағылды.   Бірыңғай құтқару қызметі «112» және ТЖД кезекші бөліміне шұғыл хабарлама беріліп, сол сәтте қызметкерлерді эвакуациялау басталды. Жиналу алаңында Азаматтық қорғаныс саласының жетекші инженерлері қызметкерлерге дабылға назар аударып, кері байланыс жасаудың тәртібін түсіндірді. Өрт сөндіруші «112» қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, бірнеше минутта өртті сөндірді. Өрт қаупі жойылып, толық қауіпсіздік қамтамасыз етілген соң қызметкерлер еңбек орындарына оралуға рұқсат алды.  

«Тілсіз жаудың қашан, қайдан келіп қалғанын білмей қалатын жағдайлар көп кездеседі. Әсіресе жүздеген  адам еңбек ететін   ғимаратта өрт шыққан не басқа бір төтенше жағдай орын алған кезде қызметкерлер қалай әрекет етуі керек, ондайда өздерінің және айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтау үшін не істемек керек? Міне, осыны білу үшін   бүгінгідей оқу-жаттығу жұмыстары жиі өтіп тұруы қажет, – дейді жаттығуға қатысқан мекемелердің Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын-алу инженерлері Марта Сисенова мен Нұрлан Сұлтанғалиев.    

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты