Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті

Қауіпсіздік
14.08.2026, 09:15
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сексеуіл жол дистанциясында республикалық «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті. Дистанция телімінің Сексеуіл – Құрлық станциялары аралығындағы II санатты теміржол өткеліне жиналған рейдке қатысушылар автокөлік иелерін тоқтатып, қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, жадынамалар таратты.

есеппен 248 автокөлік өтсе, Арал теңізі станциясы маңындағы II санатты күзетілетін теміржол өткелінен бір сағатта шамамен 280 автокөлік өтеді екен.

Сексеуіл жол дистанциясының қызмет көрсету аумағындағы Сексеуіл – Қоскөл, Сексеуіл – Қазалы және Сексеуіл – Шалқар бағытындағы 364,2 шақырымда 15 теміржол өткелі бар. Оның 3-і күзетілетін болса, 12 өткел күзетілмейді.

Теміржол өткелдері – автомобиль және теміржол көліктері қозғалысы түйісетін қауіпті аймақтардың бірі. Сондықтан әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өткелден өту кезінде ерекше сақтық танытуы қажет. Қауіпті жағдай туындаса, тепловоз машинисі жедел тежегіш қолданғанмен, пойыздың тежеу жолы ең кемі 500 метрге жететіндіктен, пойызды бірден тоқтатуы мүмкін емес. Осы себепті өткелдегі әрбір ереже бұзушылық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

– «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы аясында Сексеуіл жол дистанциясына қарасты Сексеуіл – Құрлық станциялары аралығындағы 2318-шақырымның 8-жүздігінде орналасқан II санатты теміржол өткелінде және Арал теңізі станциясы маңындағы 2371-шақырымның 1-жүздігінде орналасқан II санатты күзетілетін теміржол өткелінде кең көлемді профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Іс-шараға Сексеуіл жол дистанциясының теміржолшылары, Арал теңізі және Сексеуіл станцияларындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ Арал қаласы мен Сексеуіл кенті әкімдіктерінің өкілдері қатыстырылып, автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерге темір жолдың аса қауіпті аймақ екендігі тағы бір мәрте түсіндірілді, – дейді Сексеуіл жол дистанциясының басшысы Мұрат Байділдаев.  

Акция барысында жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, теміржол белгілері мен бағдаршамдардың талаптарын мүлтіксіз орындау, өткелге жақындағанда жылдамдықты төмендету, тыйым салынған белгі немесе дыбыстық дабыл берілген кезде темір жолды кесіп өтпеу қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Теміржол өткелдеріндегі жолкөлік оқиғаларының негізгі себептері жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы, теміржол белгілеріне немқұрайлы қарауы және өткелден өту кезінде асығыстық танытуы екені, ал мұндай жағдайлар тек материалдық шығынға ғана емес, адам өміріне қауіп төндіріп, пойыздар қозғалысының бұзылуына да әкелуі мүмкін екендігі айтылды.  

Алдағы күндері Бесарық және Шорнақ станцияларында да осындай рейд өтетін болады.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты