Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде

Қауіпсіздік
18.08.2026, 09:12
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ербол Оңғарбаев басқаратын Қызылорда жол дистанциясының теміржолшылары алдымен Бесарық станциясының, одан кейін облысаралық Шорнақ станциясының маңында «Қауіпсіз өткел» акциясын өткізді.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында республика көлемінде өткізіліп жатқан «Қауіпсіз өткел» акциясы бұған дейін бөлімшенің солтүстіктегі телімдерінде нәтижелі өтіп, енді Түркістан облысымен шекаралас станцияларына қарай ойысты.  

Қызылорда жол дистанциясының бас инженері Ахметқали Елеусінов, Талап-Түркістан телімінде қырық жылдан аса еңбек еткен телім басшысы Бақыт Әптаев, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі қауіпсіздік бөлімінің мамандары Кенже Қойшыбаева мен Айзат Тынысбек акцияға арнайы қатысып, жүргізушілермен кездесіп, теміржол өткелінен өту талаптарын түсіндірді, жол қозғалысы қағидалары жайлы жадынамалар таратылды. Акцияға Жаңақорған аудандық әкімдігі мен Бесарық ауылдық әкімдігі мамандары, Қызылорда және Түркістан облыстық телеарналарының журналистері, ЖІІб полициясы өкілдері, МАИ инспекторлары мен теміржолшылар кең көлемде қатысты.  

– Қызылорда жол дистанциясының теміржолшылары тәулік бойы осы теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздікті бақылайды. Апта сайын, тіпті күн сайын темір жолдың аса қауіпті аймақ екендігі айтылады. Әр айда екі рет арнайы мамандар тарапынан қауіпсіздік күні ұйымдастырылады. Дегенмен жүргізушілер тарапынан қауіпсіздік ережелері сақталмай, тепловоз машинистері жиі жедел тежегіш басуға мәжбүр болып отыр, – деді дистанцияның бас инженері Ахметқали Елеусінов.  

Бесарық станциясы маңындағы телімнің 3050-шақырымындағы теміржол өткелінен бір сағат ішінде 3 пойыз бен 70-ке жуық автокөлік өтіп, жүргізушілерге қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Тоқтатылған барлық автокөлік жүргізушілердің мәліметтері арнайы журналға тіркелді. Жалпы бұл өткел арқылы өтетін Өзгент, Қаратөбе, Қожакент, Келінтөбе, Қандөз, Көктөбе және Бесарық ауылдарында жалпы 10 мыңға жуық тұрғын орналасқандықтан облыстық деңгейдегі автожол саналады.  

Келесі күні Түркістан облысымен шектесетін Шорнақ станциясында жалғасқан акция жол дистанциясының Сауран-Шорнақ станциялары аралығындағы 3084-шақырымында орналасқан теміржол өткелінде өтті.  

Жалпы екі өткелде жүргізілген қауіпсіздік акциясында теміржолшылар аптап ыстыққа, нысандардың шалғай орналасуына қарамастан ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздіктің сақталуына өз үлестерін қосты.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты