Сұрапыл жылдар куәгері

Темір жол тарихы
08.05.2020, 12:36
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл соғыстың аяқталғанына 75 жыл. Бірақ соғыс ардагерлері сол бір сұрапыл жылдардың әр сәтіне дейін еш ұмытпаған, тап кешегі болған оқиғадай еске алады. Тән жарасы жазылса да, жан жарасы еш жазылар емес...

Солардың бірі – 89 жастағы соғыс ардагері Екатерина Серафимқызы. Ол Мордовия елінде дүниеге келіпті. Бұл бір табиғаты әсем, қысы суық, ал жазы жанға жайлы жайма-шуақ өлке.

Ұлы Отан соғысы басталардың алдында әкесі Серафим Ксенофонтов 9 баласымен Карелияға көшіп келеді. Карелияның батысы Финляндиямен шектесіп жатыр. Ол кезде Карелияның Совет Одағының құрамына кірген кезі еді, ал финдер жерлерін тастап қашып кеткен. Көп кешікпей неміс басқыншыларымен соғыс басталады. Кішкентай Катя ол кезде 10 жаста еді.

Финдер өз жерлеріне қайтып келіп, неміс басқыншыларымен бірге сол жерді басып алады. Жан-жақтан көшіп келіп тұрып жатқан халықтың бәрі, соның ішінде Катяның әкесі Серафимнің отбасы да тұтқынға түседі.

«Ол бір сұрапыл жылдар еді. Көрмеген қорлығымыз жоқ. «Іштен шыққан жау жаман» демекші, көп адамдар немістер жағына шығып, сатылып кетті. Бәрінен де сол өз арамыздан шыққан сатқындардың озбырлығы немістерден де асып түсті. Ұрып-соғу, ауыр жұмыстарға салу, аш-жалаңаш жүріп өлместің күнін кештік, ауыр азапқа шыдай алмай қанша адам қырылып жатты. Үлкендер орманды талдарды құлатып, ағаш шапты. Біз балалар жаңқалар мен жапырақтарын жинап өртедік. Кешке сүйретіліп баракқа әрең жетеміз. Тақтай төсектерге құлаймыз. Немістер тұтқындарды адам ғұрлы көрген жоқ. Бірақ финдер немістерге қарағанда жұмсақтау еді, балаларды ұрмады, сатқындарға да ұрып, тіл тигізуге тыйым салды. Сөйтіп, Миехиккель концлагерінде 3 жыл, 3 ай болып, бүкіл қорлық пен зорлықтың бәрін көрдік. 1944 жылдың күзінде Совет солдаттары келіп, азат етті ғой» деп еске алады Екатерина Серафимқызы.

Содан кейін Катя әжей асханада, медицина саласында санитар, басқа да әр түрлі жұмыстар жасап, есейе береді. Азат етуге келген солдаттар арасында біреуі жас қызға басқалардан ерекше қамқорлық жасап, өзіне жақын тартып жүреді. Ол – Гурьевтегі Ганюшкино жетімдер үйінде өскен, сондағы поселкеден әскерге барған қазақ солдаты Абсатыров Уап, орыстар Вагаф атандырған жігіт еді.

Ақыры жылдар өте келе Екатерина екеуі көңілдері жарасып, қосылады. Ұл-қыз сүйеді. Соғыс бітіп, бейбіт өмір басталған соң, Уап туған жері Атырауға келіп, әскери салада қызмет етеді. Кейіннен Уап детдомда бірге өскен бауырларын да, анасын да іздеп тауып, табысады. Күйеуінің фамилиясына көшкен Абсатырова Екатерина соғыстан кейін Атырау локомотив депосында машинистердің демалыс үйінде кезекші болып жұмыс істеп зейнеткерлікке шыққан.

Ол фашист концлагерінің кәмелетке толмаған тұтқыны ретінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер қатарына жатады және сол жеңілдіктерге толықтай құқылы. Катя әжей өз өмірінен тағылымды естеліктер айтып, сол бір азапты күндерді қиналыспен еске алады. Бұл кісі бүгінде Атырау өңірі бойынша теміржолшы соғыс ардагерлерінен қалған көзі тірі жалғыз адам.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?