Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының құрылғылары жаңартылып жатыр

Аймақтар
29.10.2021, 10:51
Асхат Райқұл

Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының қызмет көрсету аумағы ауқымды. Түлкібас станциясынан Шу станциясына дейін созылып жатыр. Мына шеті Тараз станциясынан басталса, төменгі жағы Жаңатас станциясына дейін жалғасады. Соңғы жылдары дистанция құрылғылары кешенді түрде жаңарып жатыр.

– Жалпы, 573 шақырым біздің мамандарымыздың бақылауында. Оның ішінде автобұғатталатын 375 шақырым жол, 12 шақырымдай дара жол бар. Қос жолды телім 363 шақырымнан асып жығылады. Қызмет көрсетілетін учаскелерімізде 31 станция мен 1 блок-бекет орналасқан. 47 өткел болса, оның 6-уы күзетіледі, – деді дистанция бастығының орынбасары Азамат Найманов.

Жауапты маманның айтуына қарағанда, былтыр дистанция бойынша автоматика, телемеханика және байланыстың жаңа жүйелерін енгізуде бірқатар жұмыстар атқарылыпты. Мәселен, Тараз-Жаңатас учаскесінде дистанция қызметкерлерінің күшімен «АС-ДЦ» жүйесінің микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыруын тұрақты пайдалануға енгізді. Бұл жаңа құрылғыны бүгінде іске қосу-жөндеу жұмыстары да ойдағыдай жүзеге асуда.

– Сондай-ақ, Тараз-Шу және Тараз-Түлкібас учаскелерінде «43РТС-А2-ЧМ» үлгісіндегі аналогты радиостанцияларды «РЛСМ-10- 40» және «РВС-1-20» үлгісіндегі цифрлық радиостанцияларға ауыстыру жүргізілді. Тараз-Жаңатас учаскесінде «43РТС-А2-ЧМ» үлгісіндегі аналогты радиостанцияны «РС- 46МЦ» үлгісіндегі цифрлық радиостанцияға ауыстыру жүргізілді. Сондай-ақ, Құмшағал және Шайқорық станциялары бойынша «УМК-4» типті цифрлық күшейткіштерді орнату арқылы дауысзорайтқышпен хабарлаудың парк бойынша байланысын жаңғырту қолға алынды, – деп атап өтті Азамат Найманов.

Қашықтықтан көпбейінді техникалық құрылғылар кешенін жүргізу аппаратурасын орналастыру үшін барлық ескі ғимараттар контейнерлік үлгідегі модульдермен жарақтандырылыпты. Бұл жұмыс сапасын арттырумен қатар мамандардың жұмыс істеуіне ыңғайлы екен. Осы саладағы озық технологияның бірі – МС-04 DSL типті цифрлық арна құрайтын аппаратура да бүгінде дистанция пайдалануында. Тараз-Түрксіб және Тараз-Боранды учаскелеріне орналасқан осы аппаратураны жыл соңына дейін Тараз-Алматы учаскесінде де іске қосу жоспарланған. Қашықтықтан жұмыс істеудің әлеуеті өте жоғары, дистанцияда осы бағыттың дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосып жүрген мамандар аз емес. Олардың қатарында, мысалы, Қ.Әміреев, Л.Абайдулина, В.Колпаков, М.Абилкаиров, А.Литвинов, Т.Дуйсембиев, Р.Борисенко сынды жоғары білікті мамандар- ды атап өткен ләзім. Еңбек жолын қатардағы электромонтер болып бастап, электромеханик, байланыс диспетчері, қашықтықтан басқарылатын өндірістік-техникалық бөлімінің инженері, магистральдық желі бөлімшесінің техникалық бөлімінің жетекші инженері сынды өндірістік тәжірибе баспалдақтарынан өткен Азамат Найманов та осал емес. 2014 жылдан бастап дистанция бастығының байланыс жөніндегі орынбасары. Биыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының шешімімен «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?