«Мектепке жол»: тағы 40-қа жуық бала оқу-құралын алды

Аймақтар
26.08.2022, 10:45
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жем локомотив пайдалану депосы мен кәсіподақ ұйымы бірлесіп, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына үн қосып, жаңа оқу жылы қарсаңында 40-қа жуық балаға оқу-құрал сыйлады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

 Жер-жерде Білім күніне дайындық қызу жүріп жатыр. Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында бағасы шарықтай түсетін оқу құралдары мен мектеп формасын алуға кез келгеннің шамасы келе бермейді. Әсіресе, бір үйден бірнеше бала мектепке баратын үлкен отбасылар үшін оңай емес. Сондықтан мекеме тарапынан жасалған сыйлық ата-ананың да, баланың да көңілін көтеріп, алғыстарын жеткізді.

– Биыл біздің мекемеде әріптестеріміздің 40-қа жуық баласы 1 сыныпқа барады. Осы мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге оқуға қажетті құралдар толтырылған сөмке тарту еттік. Оған қоса ұжымдық шартқа сай белгілі санаттағы отбасыларға қаржылай көмек беріледі, – дейді кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрлан Өтесеитов.  

Әрдайым игі шараның басында жүретін Жем локомотив пайдалану депосының басшысы Дәулетқали Жалмұғамбетов балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға сәттілік, мықты денсаулық тіледі.  

– Бала – ел болашағы. Әр баланың балалық шағы бақытты, алаңсыз болуға тиіс. Біздің мекемеде балаларды мектепке дайындау шарасы жылда дәстүрлі түрде өтеді. Балаларымыздың білімге құштар, дарынды, алғыр, зерек болуына тілекшіміз, – деді депо бастығы.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты