Теміржолшыларға құрмет көрсетілді

Аймақтар
13.09.2022, 13:24
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жүк тасымалы қосалқы бөлімінің бастығы Батырхан Базарбаев аймақ темір жолына еңбегі сіңген бір топ теміржолшылармен кездесті.

 Олардың арасында қырық жылдан астам уақыт Қызылорда бөлімшесінде абыройлы қызмет атқарған жүк бөлімінің басшысы Ақылбек Жалғасбаев пен жетекші инженер Гүлнәр Балықбаеваға айрықша құрмет көрсетілді. Қос теміржолшы бүгін зейнет жасына жетіп, ендігі жерде ұзақ жылғы еңбегінің жемісін көруге аттанбақ.  

Талай жыл кәсіби міндеттерін мінсіз атқара жүріп тек абырой жинаған қос теміржолшыға әріптестері алғысқа толы ықылас-тілектерін білдіріп, естелік сыйлықтарын тапсырды.  

– Президентіміз күні кешегі Жолдауында қоғамда кәсібилік пен еңбекқорлық ең жоғары орында тұруы керек және қарапайым еңбек адамына құрмет көрсету керек деді. Өз саласының кәсіби маманына да сұраныс жоғары болады. Сіздер, аймақ темір жолы үшін сондай бағалы маман болдыңыздар. Кейінгі буын сіздерден үлгі алса дейміз, – деді мерейтой иелеріне құттықтау адресатын табыстаған Батырхан Базарбаев.  

Жиында Қызылорда теміржолының дамуы жолында талай жылдардан бері тынымсыз тер төгіп келе жатқан Жарқынбек Рсымбетов, Күлхан Белкібаев, Шәмшагүл Алпысбаева, Кенжебек Саяұлы сынды бір топ теміржолшылар «ҚТЖ-25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталып, мерейлері үстем болды.  

 

Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда
Әлемде
19.05.2026
Баку–Тбилиси–Баку жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды
Аймақтар
19.05.2026
Маңғыстауда Транскаспий бағыты арқылы өтетін жүк тасымалы өсті
Инфрақұрылым
19.05.2026
«Бақты-Аягөз» телімінде құрылыс қызу жүріп жатыр
Аймақтар
19.05.2026
Теміржолшылар қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған үздік жобаларын таныстырды
Аймақтар
19.05.2026
Ақтөбеде биыл 56 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізіледі
Жаңалықтар
19.05.2026
Жаңа техникалар алды
Инфрақұрылым
19.05.2026
Бекеттердің жолы жаңартылып, жүк тасымалы ұлғаяды
Жаңалықтар
19.05.2026
Жауапкершілік жүгі ауыр
Аймақтар
19.05.2026
Жәдігерлер – өткен күннің белгісі
Жаңалықтар
19.05.2026
11 локомотив пайдалану депосы жаңа техникаға ие болды
Спорт
19.05.2026
Аманжол – Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
19.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №38 19 мамыр 2026 жыл
Жүк тасымалы
18.05.2026
Қазақстан астық пен ұн экспортын жаңа бағытқа бұрмақ
Әлемде
18.05.2026
Қытай – Еуропа теміржол экспресі 130 мың рейс межесіне жетті
Спорт
18.05.2026
Тараз теміржолшылары арасында тораптық спорт жарысы өтті
Әлемде
18.05.2026
Еуропа теміржолдарына бірыңғай билет жүйесі енгізілмек
Жаңалықтар
18.05.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғыртуды үйлестіру және жеделдету жөніндегі жедел штаб құрылды
Әлеумет
17.05.2026
Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебі салынуда
Инфрақұрылым
16.05.2026
Қазақстанның бес өңірінде теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын