Көшбасшыға қабілеттілік қажет

Аймақтар
04.10.2022, 14:26
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Кәсіподақ қашан да жұмысшы мүддесін қорғаушы ұйым екені белгілі. Демек, ондай ұйымның басшысы жетекшілік етуге, яғни көшбасшы болуға қабілетті болуы тиіс. «Көшбасшы» деген ұғым анау-мынау адамның атына қосақталып айтыла бермейтіні аян, не сөзімен, не ісімен ықпал ете білетін жан болуы ләзім.

Біздің кейіпкеріміз сондай қабілетке ие. Өйткені, ол Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне кәсіподақ ұйымының төрағасы болып келген кезден бастап кәсіподақ ісіне жан бітті. Бұрын бұйығы жататын ұйым енді ашық түрде жұмыс жасай бастады. Барлық шараларға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері шақырылады, жұмысшылармен кездесу жиіледі, бетпе-бет жүздесу, дидарласу, жұмысшының мұң-мұқтажын тыңдау, оған заң және ұжымдық шарт шеңберінде көмек көрсету жақсарды. Мәселен, Махамбет станциясында жұмысшылар қатынайтын автобус бұзылып қалған сәтте, кәсіподақ ұйымы шұғыл араласып, бірнеше айға басқа автобуспен тасымалдауға мүмкіндік жасады. Пандемия кезінде кәсіподақ тарапынан жұмысшылардың қауіпсіздік құралдарымен қамтылуы үнемі қадағаланып, сақтық шараларына, еңбек заңдылығының сақталуына үлкен мән берілді. Бұл жұмысқа енді кірісіп жатқан жанға үлкен сынақтан өткендей кезең болғаны жасырын емес.  

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрбол Нұрышев жаңа қызметіне 2019 жылдың күзінде Мақат станциясынан келген болатын. Жалпы, Мақатты үлкен теміржол мектебі деуге болады. Нұрбол да осы мектепте шыңдалып өскен маман. Ол 1982 жылы Қызылқоға ауданының Қарабау ауылында дүниеге келген. 1995 жылы әкесі Таңатардың жұмыс бабына орай отбасы Мақатқа, дәлірек айтқанда 402-разъезге көшіп келеді. Ойын баласының теміржолға деген қызығушылығы да осы кезде оянса керек. Мақаттағы №83 теміржолшылар мектебінде оқиды. Орта білім алған соң, 2001-2003 жылдары әскер қатарында болып Отан алдындағы борышын өтеп келді. Сосын Ақтөбе теміржол колледжіне оқуға түсті. Оны бітірген соң еңбек жолын станцияда оператор болып бастайды. Әрі қарай станция кезекшісі, техникалық бақылау бөлімінің бастығы, станциялық диспетчер, бас инженер қызметтерін абыроймен атқарады. Отбасылы, екі ұл, үш қызы бар.  

Бүгінде кәсіподақ жұмысын жандандырып, қоғамдық жұмыстың ұйытқысы болып жүрген белсенді жастың арқасында өңірде спорт шаралары, тренингтер, сайыстар жиі өтеді. Кәсподақтың бастамасымен бүгінде Мақатта спорттық алаң салынып жатыр. Ұжымдық келісімшартқа сәйкес әлеуметтік қоржын бойынша қызметкерлерге барлық көмек түрлері қарастырылып, төленеді. Зейнеткерлерге тіс емдеу-салдыруға және кезекті еңбек демалыс кезінде жүріп-тұруына байланысты темір жол билеті үшін әлеуметтік көмектер көрсетілді. Қазірде зейнетке ерте шығу бағдарламасы бар. Ол да денсаулығы сыр берген адамдарға үлкен мүмкіндік. Сауықтыру шипажайларына жолдама, кәсіби мереке күніне орай әлеуметтік көмек беріледі. Теміржолшылардың 7-13 жас аралығындағы балалары жазғы лагерде демалуы – дәстүрге айналған шара. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша әлеуметтік аз қамтылған балаға мектепке баратын сөмке оқу құрал-жабдықтарымен табыс етілуі де салтқа енген. Биыл 140 оқушыға сөмкеден бастап барлық мектеп оқу-құралдары, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларындағы 824 балаға 2 АЕК көлемінде ақшалай көмек берілген. Жалпы кәсіподақта жұмыс қыз-қыз қайнап жатыр...  

Адам баласының қуанышы мен қайғысы қатар жүреді. Әр отбасыда әртүрлі мәселе туындайды, не жеке басында, не жұмыс бабында түрлі жағдайлар болады. Нұрболдай кәсіподақ лидері болса соның бәрін шешу жолын таба білетіні сөзсіз. Өйткені, оның табиғатына қол қусырып қарап отыру жат, кез келген мәселені оңтайлы шешуге, көмек беруге ұмтылады, жұмысшы мүддесіне сергек қарайды. Бұл – кәсіподақ басшысы үшін ең жақсы қасиет.  

 

Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
11.06.2026
«Теміржолсу» АҚ мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізді
Жаңалықтар
11.06.2026
Астана Халықаралық университетінің студенттері ҚТЖ жұмысымен танысты
ҚТЖ келбеті
11.06.2026
Семейлік инженер Мария Тұрсынова «Үздік рационализатор» атанды
Спорт
11.06.2026
Жолшылар мен машинистер арасындағы тартысты дода
Әлемде
11.06.2026
ЕО шекарааралық теміржол қатынасын жеңілдететін жаңа ережелер қабылдады
Жаңалықтар
10.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың балаларын марапаттады
Әлемде
10.06.2026
Түркия алғашқы жүрдек пойызын сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
10.06.2026
Олжас Бектенов туристік бағыттар бойынша теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды