Ерен еңбек еленді

Аймақтар
24.11.2022, 17:05
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы»  ЖШС-нің «Батыс» филиалында бір топ теміржолшыға «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 25 жылдығына арналған мерекелік медалі, мінсіз адал қызметі үшін «Үздік маман», «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгілері тағылып, алғыс хаттар табысталды.  

– Биылғы 10 айдағы жұмыс көрсеткішіміз жаман болған жоқ. Жүк тиеу жұмыстары жүз пайыздық көрсеткішті маңайлады. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Атырау, Орал өңірлеріне жол салу жұмыстарына құрылыс материалдарын жеткізу жүріп жатыр. Қазір қыс мезгіліне қарамастан қиыршық тас тасу жұмыстары тоқтаған жоқ, – деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев.  

Марапаттау шарасына сала ардагерлері, станциялар мен локомотив қызметкерлері қатысты. Кез келген игі істің ұжымдағы ауызбіршілікті арттыра түсетінін айтқан ардагерлер еңбегі еленген әріптестерін құттықтап, жұмыста жеміс тіледі.  

42 жылдық еңбек өтілі бар теміржолшы Төлеген Өтембаев «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен марапатталды. Теміржолшылар отбасынан шыққан тәжірибелі қызметкер еңбек жолын вагон қараушы болып бастап, кейін станция кезекшісі қызметіне ауысқан. Осы қызметті мүлтіксіз атқарып келе жатқанына 32 жыл болыпты.  

  

«Әкем де, бауырларым да теміржолшы. Теміржол бойында өскен соң басқа мамандық туралы ойламадық. Әке жолын қудық. Өкініш жоқ. Бұл – үлкен сала. Жауапкершілік жүгін арқалаған теміржолшылар мерейі өсе берсін», – дейді Темір станциясының кезекшісі Төлеген Өтембаев.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы»  ЖШС «Батыс» филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев сайлауда белсенділік көрсеткен теміржолшыларға алғыс айтты. Президент сайлауында жоғары қатысыммен таңдау жасаған  теміржолшылардың ел болашағына бей-жай қарамайтыны сөз болды. Тәуелсіздік жылдары транзиттік тасымалды тиімді қалыптастыру үшін жаңа бағыттар салынып, ірі құрылыстар қарқынды дамығаны айтылды.  Георафиялық тұрған жері транзитке лайық, логистикаға ыңғайлы батыс өңірінде жасалған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, өңірдегі жүк тасымалдау көрсеткіштері жоспарға сай жоғары деңгейде екенін атап кетті.  

Жиын соңында марапат алған теміржолшылар филиал басшысымен және ардагерлермен бірге естелік суретке түсті.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды