Ақаусыз жұмыс жасады

Аймақтар
14.04.2017, 14:45
Оқуға 2 мин
Теміржол бойында қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды басты назарға алған қызылордалық теміржолшылар наурыз айын да өндірісте төтенше ақау-апатқа жол бермей, жемісті қорытындылады.  «Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесі бас ревизоры Бостанбек Нұрымбетовтың мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың үш айында пойыздық және маневрлік жұмыстар барысында бір ақау тіркелген болса, биылғы үш ай ішінде бөлімше есебіне осы жұмыстарды атқару кезінде ақау тіркелмеген. –Бөлімшесі бойынша наурыз айында пойыздық және маневрлік жұмыс барысында ақау тіркелген жоқ. 2016 жылдың наурыз айында жұмыстағы қиыншылық туғызған 2 жағдай орын алса, биылғы наурызда мұндай жағдай тіркелген жоқ. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде өзге де қауіпсіздікті бұзушылық оқиғасы бір мәрте есепке жазылса, ағымдағы жылдың наурыз айында орын алған жоқ. Жалпы алғанда наурыз айы тосын оқиғасыз өтіп, жұмыс та нәтижелі болды, – дейді бөлімшенің бас ревизоры. Аймақтағы Сексеуіл – Қоскөл бағытындағы жаңа телімнің бойында иесіз малдың рельс жағалай жайылуы қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда кемшіліктердің орын алуына жол беруде. Жылдың алғашқы тоқсанында тосын оқиғасыз өткізген бөлімше теміржолшыларының есебіне 1 мәрте жұмыстағы қиыншылық (өткен жылы 2 рет) жағдайы тіркелген. Бұл ақпан айында тіркелген екен. Ал өзге де қауіпсіздікті бұзушылық оқиғасы өткен  жылы 1 рет тіркелсе, биылғы үш айда да 1 мәрте орын алып отыр. Яғни биылғы жылдың алғашқы тоқсанында қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың екі жағдайы тіркелген. Бостанбек Алдабергенұлының мәлімдеуінше, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтау үшін барлық шаралар күшейтуге бағытталып, назарға алынуда. Және де жол бойын тексеру барысында да назарға ілінген кемшіліктерге бей-жай қарауға болмайтындығы дер кезінде ескертіліп, техникалық пысықтау жұмыстары жүргізілуде. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауды арттыру үшін  сала шаруашылықтарын кезектен тыс, тосын тексеру ұйымдастырылып,  жылжымалы құрамның қауіпсіз қозғалысын сақтау, теміржолшы мен техниканың амандығын талап ететін ережелердің, қағидалардың орындалуын қадағалау шаралары алынуда. Сала мамандары құзырлы орган өкілдерімен бірлескен рейд өткізіп, жергілікті тұрғындарға теміржолдың қауіпті аймақ екендігін, малды қараусыз жіберуге болмайтындығын түсіндіріп, насихат жұмыстары тұрақты жүргізілгенімен, иесіз малдың жол бойына шығып кетіп,  машинисті жедел тежегіш басуға мәжбүрлеп, қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіруі – күн тәртібінде өзекті мәселе болып қала бермек. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті