Технология шапшаң дамығанымен білікті машинистке деген сұраныс жоғары

Аймақтар
23.04.2024, 11:23
Суреттерді түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Қазіргі кезде іс жүргізудің оңтайлы әдістері жария болып, озық үлгілі технология шапшаң дамығанымен адам қолымен жүзеге асырылатын еңбектің тәжірибесі қашан да құнды. Түркістандық локомотившілер жұмысымен танысқанда бұған тағы да көз жеткіздік.

Бүгінгі таңда Түркістан локомотив пайдалану депосы балансындағы 18 локомотивтің 15-і жаңадан шыққан отандық «Эволюшн» сериялы ТЭ-33А тепловозы. Ал қалған үшеуі маневрлік қозғалысты ұйымдастыруға жұмылдырылатын ТЭМ-2 локомотивтері. Атап өту керек, вагондарды ары бері тасымалдап, сұрыптау жұмысын атқаратын маневрлік локомотивтер бүгінгі таңда бір ғана тұлғамен басқарылады. Бұл дегеніміз, алып техниканы ешқандай көмекшісіз машинистің бір өзі жеке-дара жүргізеді деген сөз. Жаңартып-жаңғырту нәтижесінде тетіктері жетілдірілген маневрлік локомотивтер ескі болса да жарамды.  

– Жауапкершілігі зор маневр жұмысына тәжірибелі машинистер ғана қабылданады. Кемі 10 жылдық еңбек өтілі болуы керек. Себебі жалғыз өзі жылжымалы құрамның қауіпсіз қозғалысына жауапты болудың жүгі жеңіл емес. Олардың көпшілігі екінші класты машинистер. Ол пойыз құрастырушымен өзара түсінісіп, бір ырғақта жұмыс істейді. Жылжымалы құрамдардың арақашықтығы мен тұрған жерін, бәрі-бәрін алақандағыдай көріп, вагон сұрыптау ісін асықша иіру маневрлік машинистің тәжірибесі мен шеберлігіне тікелей байланысты, сондықтан олардың еңбек қауіпсіздігін қатаң сақтауына мұқият назар аударып, уақытылы тынығуы да жіті бақылауда болады, – дейді депо директорының өндіріс бойынша орынбасары Ерғазы Кенжебеков.  

Жалпы, Түркістан локомотив пайдалану депосы Арыс пен Қызылорда аралығындағы жүк және жолаушылар тасымалын жүзеге асырады. Әрине, осы аралықта жүрдек жолаушылар пойызының қатынауын да қамтамасыз етеді. Ол үшін кәсіпорында арнайы локомотив бригадалары бар. Жалпы, жолаушылар тасымалдайтын бригаданың өзі екіге бөлінеді. Жоғары жылдамдықтағы тальго пойызының локомотив бригадаларына талап та жоғары. Бұл жерде олардың еңбек өтілі мен біліктілік тәжірибесі маңызға ие. Сонымен қатар жылдамдығы төмен санатқа жататын жүк және жолаушылар пойызының машинистеріне қойылатын талап та төмен емес.  

– Бүгінгі таңда Түркістан локомотив пайдалану депосында 144 машинист пен машинист көмекшілері еңбек етеді. Оның 18-і бірінші класты, 54-і екінші класты машинистер. Ал қалған 70 машинист пен көмекшілері үшінші класс санатына жатады. Қазіргі кезде біздің машинистердің орташа жасы 50-де. Олар кезең-кезеңімен әрбір екі жыл сайын Астана іргесіндегі Оқу орталығында біліктіліктерін жетілдіріп тұрады. Сонымен қатар техникалық кабинетте күн сайын сағат 10:30 және 15:30-да локомотив бригадаларына техникалық дәріс өткізу дағдыға айналған. Қажет болған кезде жоспардан тыс оқу-әдістемелік дәрістер ұйымдастырылып тұрады. Қысқасы, жүк және жолаушы тасымалындағы негізгі тұлға саналатын машинистерге талап жоғары. Бізге білікті машинист керек, – дейді Ерғазы Кенжебеков.  

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты