Соғыс кезінде теміржол салған атыраулық кейуана 100 жасқа толды

Аймақтар
11.03.2025, 09:27
Фото: Қызылқоға ауданының әкімдігі

Атырау облысында Екінші жүниежүзілік соғыс кезінде теміржолды қалпына келтіруге қатысқан Ұлжан Темірболатова тұрады. Жақында ол 100 жасқа толды. Ол 1925 жылы Индер ауданындағы Жарсуат ауылында өмірге келген. Құжатындағы туған күні — 25 ақпан, деп жазды KAZINFORM.

— Бала кезіміз ашаршылықпен тұспа-тұс келді. Ел ішінде ішерге тамақ табылмаған кезде үлкендер Жайық өзенінен балық аулады. Одан кейін қуғын-сүргінді де көрдік. Енді ес жиямыз-ау деп жүргенде, соғыс өрті лап ете түсті. Осы кезде ер-азаматтың бәрі майданға аттанып, әйелдер мен жасөспірімдер ауыр еңбекке араласты. Әсіресе аналарымыз күні-түні жұмыс істеп, бар қиындықты тайсалмай көтерді, - деп еске алды Ұлжан Темірболатова.  

Жастайынан ауыр еңбекпен шыңдалған ол теміржол салу ісіне қатысқан. Фашистер Ресей Федерациясының Астрахань облысындағы теміржолды бұзып кеткен. Сол кезде Ұлжан Темірболатова 10-ға жуық құрбысымен бірге сол өңірдегі теміржолды қалпына келтіруге жіберілген.

— Жұмыстың жеңілі болмайды ғой. Теміржол салу өте қиын екен. Әсіресе бұғанамыз әлі қата қоймаған жасөспірім шақтағы топырақ тасығанымыз, ауыр рельстерді қолмен төсегеніміз әлі есімнен кетпейді. Балғаның салмағы ауыр еді. Төбемізден жау ұшағы ұшқанда, тығылатын қалқа таба алмай, жан-жаққа қашамыз. Жау ұшағының дауысы масаның ызыңы секілді естіледі. Өзіміз алдына ала қазып қойған шұңқырға тығылуға мәжбүр боламыз. Ішетін тамақ та, киетін киім де тапшы. Бүгінгі ұрпағымыз сондай қиындықты көрмегенін қалаймын, - дейді Ұлжан Темірболатова.

Кейін сұрапыл соғыстан оралған майдангер Мәтжан Ғұбайдуллинмен отау құрған. Олар 2 ұл, 3 қыз дүниеге әкеліп, тәлімді тәрбие берді.  

Ал 1957 жылы отбасымен Қызылқоға ауданының орталығы — Миялы ауылына қоныс аударған. Күйеуі бұрынғы «Селхозтехника» мекемесінде жұмыс істеген. Ал өзі «ПМК-907» мекемесінің сылақшысы болған.

Ғасырлық белесті бағындырған Ұлжан Темірболатова 5 перзентінен 40-тан астам немере-жиен мен шөбере көріп отыр. Былтыр оған «Қызылқоға ауданының құрметті азаматы» атағы берілген.  

Келіні Жазира Есенғазының айтуынша, 100 жастағы кейуана далаға ешкімнің көмегінсіз шығады. Малдың жайын сұрап отырады.  

— Әжеміздің денсаулығына шағым айтпайды. Немере-шөбелерін маңдайынан сүйіп, жиі еркелетеді. Күн сайын батасын беріп, әулетіміздің берекесін арттырып отыр, - дейді Жазира Есенғазы.  

Қазір ғасыр жасаған ананың балаларының үлкені 75 жасқа толған. Одан кейінгісі 60 жастан асқан.  

— Адамның қанша ғұмыр сүретіні бір Аллаға ғана аян ғой. Жұмыс ауыр болса да ерінбедік, адал еңбек еттік. Балаларымыз аман өсіп, үбірлі-шүбірлі болса екен деп тіледім. 100 жасқа толамын деген ойым болған жоқ. Бұл — жас күнімдегі көрген бейнетімнің зейнеті шығар, - дейді Ұлжан Темірболатова.

Немересі Талғат Ғұбайдуллиннің пікірінше, әжесі бата жаттатып, үлкендердің әңгімесін тыңдатады.  

— Әжемізді қонаққа да, тойға да шақырушылар көп. Сондай қонақтыққа да, тойға да немерелерін ертіп барады. Үлкендердің әңгімесін тыңдаймыз. Олар бізге бата береді. Әжеміз бата жаттатып, өнегелі әңгімесін айтады, - дейді Талғат Ғұбайдуллин.  

Еске сала кетелік, атыраулық кран машинисі Бахытгүл Санқыбаеваның қарапайым жұмысшыларға қолдауды сезіндім дегенін жазған болатынбыз.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды