Күрделі жөндеуді межелеп қалды

Инфрақұрылым
12.06.2026, 09:29
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, станциялардың өткізу қабілетін, пойыздар жүрісінің жылдамдығын арттыру үшін жол сапасы жақсы болуы маңызды. Соған сәйкес өңірде әлі де болса жаңартатын жолдар бар. Атырау магистральдық желі бойынша биыл 29,732 км жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Бүгінде Құлсары жол дистанциясына қарасты Құлсары-Бейнеу учаскесінде, рзд. Майкөмген-рзд467-рзд468 аралығында жолды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта негізгі төсемдер төселді. Бұл – биылғы жылғы алғашқы күрделі жөндеу жұмыстары. Аталған учаскелер бойынша 6 сағаттық «толаскез» алынып, жұмыстар жалғасып жатыр. Мердігер компания осы айдың аяғына дейін бітіруді межелеп отыр.  

– Күрделі жөндеу жұмыстары барысында жолдың ескі темір жолы түгел алынып, орнына су жаңа темірбетонды шпалдар, барлық технологиялық талаптар сақталып, салынып жатыр. Бұрынғы рельстердің ұзындығы 25 метрлік болып бунақталып салынатын болса, қазіргі уақытта түйіспесіз жолдар салынуда, – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Аманқос Жылқышиев.  

Сондай-ақ 9,2 км жолды орташа жөндеуден өткізу, 20 дана бұрмаларды ауыстыру және 74,6 км жол бойында малдың шығуына қарсы қоршау тұрғызу жұмыстары қоса жүргізілуде. Жолға мал шығып кету мәселесі теміржолшылар үшін қашан да өзекті болып келеді, өйткені мал басудан көп шығын келуде. Сол секілді, жол дистанцияларында шешілмей келе жатқан мәселелер де жоқ емес. Мәселен, 2011 жылдан бері жолдың күрделі жөндеу жұмыстары барысында шпалдар «Фоссло» типті бекітпелермен орнатылып келеді. Аталған бекітпелер элементтерінің ескіруіне орай қазіргі уақытта «Фоссло» материалының рельсасты аралық төсемдеріне үлкен қажеттілік туындап отыр.  

Сондай-ақ соңғы жылдары мекемеде алынған кіші механизациялар, яғни порталды көтергіш кран, жол домкраты, рихтовщик, АБ-2 электростанциясы, ЭШП ұлтандау, рельсжонғыш, рельскескіш, рельстескіш станоктар, шурупогайковерт, гидравликалық кергіш, бір рельсті арба, т.б. құрал-саймандардың мерзімінен бұрын істен шығуы орын алуда. Апатты жағдайларда қиын учаскелерге бара алатын жол талғамайтын арнайы көліктер де қажет. Осы керек-жарақ түгенделсе, дистанциялар жұмысы жандана түсері сөзсіз.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті