Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады

Жаңалықтар
12.06.2026, 08:00

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымдарына үндеу тастап, өндірісте ешқандай жарақаттану жағдайына жол бермеуге (нөлдік жарақаттану) шақырды. Сондай-ақ ол 2026 жылға арналған өндірістік қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын айқындап берді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Өндірістік қауіпсіздік мәселелері, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау — компания үшін ең басты құндылық. Біз қандай да бір өндірістік көрсеткіштер мен экономикалық нәтижелер адам өмірі мен денсаулығынан жоғары тұра алмайды деген қағиданы берік ұстанамыз.

Әрбір жазатайым оқиға — отбасы үшін де, ұжым мен бүкіл компания үшін де үлкен қасірет. Сондықтан біздің ортақ мақсатымыз өзгермейді: ол — қауіпсіздік талаптарын бұзуға мүлдем төзбеу мәдениетін қалыптастыру және жарақаттануды нөлдік деңгейге жеткізу.

Бүгінгі заман бізден өндірістік қауіпсіздікті басқаруда жаңа тәсілдерді талап етіп отыр. Инфрақұрылымның дамуы, пойыздар мен вагондардың жаңаруы, цифрлық технологиялар мен процестерді автоматтандыру жұмыс тиімділігін арттырғанымен, сонымен бірге жүйелі әрі кәсіби басқаруды қажет ететін жаңа тәуекелдерді де тудырады.

2026 жылы компания мынадай негізгі бағыттарға баса назар аударады:

  • «Қауіпсіздіктегі көшбасшылық» қағидасын қамтамасыз ету: кез келген деңгейдегі басшы қауіпсіздікке өзі жауапты екенін көрсетіп, ереже бұзушылықтарға мүлдем төзбеуі тиіс;
  • Кез келген жұмысшының қауіпті деп тапқан жұмысты бірден тоқтату құқығын кеңінен қолдану;
  • Өндірістік тәуекелдерді бақылау мен басқару процестерін цифрландыру, заманауи мониторинг құралдарын енгізу;
  • Үздік тәжірибелермен бөлісіп отыру;
  • Жұмысты қауіпсіз істеудің іс-тәжірибелік дағдыларына басымдық бере отырып, оқыту және білімді тексеру жүйесін жетілдіру;
  • Жұмысшыларды заманауи жеке қорғаныс құралдарымен (арнайы киімдер, құралдар) толық қамтамасыз ету;
  • Еңбек қауіпсіздігі көрсеткіштері басшылар мен бөлімшелердің жұмысын бағалайтын басты критерий болатын ынталандыру жүйесін дамыту.

Өткен жылдардағы оқиғалардың себептерін талдай келе, біз алдын алу жұмыстарын күшейтіп, еңбек қауіпсіздігін арттыру шараларын кезең-кезеңімен іске асырып жатырмыз. Оның ішінде — өндірістік процестерді жақсарту, қауіпсіздік талаптарының сақталуын қатаң бақылау, қызметкерлерді жүйелі түрде оқыту және өндірістік қауіп-қатерлерді азайту шаралары бар. Компания жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын алдыңғы орынға қою қағидасына адал болып қала береді және қауіпсіз еңбек ортасын құру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.

Біз қауіпсіз мінез-құлық әрбір қызметкердің ішкі мәдениетіне, бұлжымас әдетіне айналуына қол жеткізуіміз керек. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана компанияның тұрақты дамуын ең басты құндылық — адам өмірі мен денсаулығын жоғалтпай қамтамасыз ете алатынымызға сенімдімін.

Қауіпсіздік — бұл жай ғана қағаздағы ресмилік немесе құжат талабы емес. Бұл — біздің күнделікті бір-біріміздің алдындағы жауапкершілігіміз.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты