Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті

Аймақтар
04.09.2026, 10:36
Оқуға 2 мин

Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел»  республикалық профилактикалық акциясы жалғасуда. Іс-шараларды «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «ҚТЖ» ҰК»  АҚ өткізеді және теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Алматы өңірінде теміржолшылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп Жетіген – Қайрат және Ақсеңгір – Бұрундай өткелдерінде рейдтер өткізді. 60-тан астам жүргізуші темір жолдарды қауіпсіз кесіп өту ережелері және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсініктеме алды.

Акцияға қатысушылар жүргізушілерге дабыл талаптарын сақтау, тыйым салу сигналы кезінде өтпеу қажеттігін еске салды. Пойыздың тежеу жолы бір шақырымға жетуі мүмкін екендігіне ерекше назар аударылды, сондықтан құрамды бірден тоқтату мүмкін емес.

Қызылорда өңірінде Қамбаш – Шөміш және Төретам – Ақжар өткелдерінде, сондай-ақ Тереңөзек станциясы ауданында профилактикалық іс-шаралар өтті.

Тереңөзек станциясының 2770-ші шақырымындағы өткел осы учаскедегі қозалысы ең тығыз болып табылады. Ол арқылы сағатына 50 жуық автомобиль, оның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігі өтеді. Мұнда қозғалыс тәулік бойы жүзеге асырылады.

Қызылорда дистанциясының теміржолшылары жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратып, қауіпсіз жол жүру ережелерін еске салды. Бұған дейін осындай рейдтер Байгеқұм, Бесарық және Шорнақ станцияларының өткелдерінде болған.

Профилактикалық іс – шараларды Қазалы жол дистанциясының теміржолшылары Қазалы станциясының өткелінде және Төретам – Ақжар станцияларының маңындағы өткелдерде, сондай-ақ Қамыстыбас  – Шөміш аралығының 2445-ші және 2593-ші километрінде жүргізді.

Жүргізушілерге теміржол өткелдерінде жүру ережелерін бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 607-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салды.

«Қауіпсіз өткел» акциясы бүкіл ҚТЖ желісінде жалғасуда. Оның басты мақсаты – өткелдердегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті