Табысты желтоқсан
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі өткен жылды көңіл көншітерлік көрсеткіштермен қорытындылады. Жүк айналымы өткен жылдың желтоқсан айында 2 миллиард ткм неттоға жуықтап, жоспар 122,2%-ға орындалды. Ал, жалпы бір жылда 19,5 миллиард ткм нетто-ға немесе 107,6%-ға орындалып отыр.
Жүк тасымалы бөлімшесінің техникалық бөлімінен алынған мәліметке сүйенсек,, тек желтоқсан айында тәулігіне 706 вагон жүк тиелген, пайызға шаққанда 31,3%-ға артық. Бөлімше арқылы негізінен құрылыс материалдары, темір рудасы, түрлі-түсті руда тиеледі. «КТТ» АҚ меншігіндегі вагондарға 598,9 мың тонна жүк тиелген, оның жалпы тиелген жүктегі үлесі 37,3% құрайды.
Сонымен бірге, 145 жабық, 68 платформа, 8 442 жартылай вагон, 2 цистерна, 160 өзге вагон, соның ішінде 97 астық тасымалдайтын вагон қамтылған. Жалпы, «КТТ» АҚ вагонының босамау көрсеткіші 2016 жылға қарағанда 8,9%-ға төмендеген.
Техника бөлімі мамандарының есебінше, тек желтоқсан айында Қазақстанның ішіндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға барлық жүк көлемінің 86,5%-ы жөнелтілген болса, қалған 13,5% алыс та жақын елдерге жіберілген. Жалпы, 2017 жылы жүктің 85,5% ел аумағында тасымалданса, 14,5% шетелдерге шығарылған.
Жүк тиеу жоспарын орындау үшін өткен жылдың соңғы айында шетелдерге қарасты 4 318 вагон пайдаланылған. Жалпы, былтыр құрылыс жүктері, қара металл сынықтары, өнеркәсіптік шикізат, нан өнімдері көлемінің артуына орай жүк тасымалы көрсеткіштері едәуір жақсарды. Мұнай құю орындарының өнімдері, түрлі-түсті руда, өртке шыдамды кірпіш, қара металл, металл сынықтары, химикаттар, шикізат және т.б. жүк тасымалданады.
Есеп бойынша 2017 жылдың желтоқсан айында тиелген жүк вагонының орташа салмағы 63,89 тонна болған. Жоспар 101,2%-ға орындалған. Ал, вагондардан жүк түсіруге келер болсақ, желтоқсан айында тәулігіне 254 вагон түсіріліп, жоспар 115,5%-ға орындалыпты. Вагондар тәулігіне орта есеппен қанша шақырым жүріп өтетіні де есептелген. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі бойынша, бір вагон шамамен 337 шақырым жүріп өтетін болған. Ал, локомотив шаруашылығына келер болсақ, желтоқсан айында орташа алғанда 50 локомотив жолға шығып отырған. Жалпы, өткен жылдың басында бұл көрсеткіш шамамен 46 бірлік болған екен. Тепловоздар сағатына орта есеппен 48 шақырым жол жүріп отырған. Бұл – өте жақсы көрсеткіш.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды