Қағазсыз технология – уақыт талабы

Аймақтар
19.01.2018, 18:48
 «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ - «ЖТ Атырау бөлімшесі»  өткен жылды да табысты аяқтап, сан мен сапа жағынан өзге бөлімшелердің көш алдында тұр десек артық айтпаймыз. Жоспарға сай қауіпсіз қызметті ұйымдастырып, бөлімше алдындағы  міндетті  артық шығынсыз орындаған ұжымның биылғы  жылғы аяқ алысы да жаман емес.   Өткен жылдың табысына келсек, алдымен жүк айналымы көрсеткішіне басымдық береміз. Бұл тұрғыда  Атырау ЖТ бөлімшесі  бойынша пайдалану жүк айналымы 103,7 пайызға, вагонның орташа тәуліктік өнімділігі 117,4 пайызға, жүк вагонының орташа тәуліктік жүрісі 114,5 пайызға артты. Жұмыс вагоны айналымының орташа уақыты 114,7 пайызға, жергілікті вагон айналымының орташа уақыты 105,9 пайызға, вагонға статистикалық жүктеме 100,2 пайызға жетті. Өткен жылмен салыстырғанда негізгі көрсеткіштердің барлығы орындалды. Дейтұрғанмен де, басқарма жоспарына 2 пайдалану көрсеткіштері аздаған төмен көрсеткішті көрсетті. Сәуір айындағы жүк тиеу жоспарының жоғары берілуі салдарынан жүк тиеу  95,1 пайызға орындалды. Алайда бұған себеп бар. Жүк тиеу жоспарының төмендеуі  ірі  жүк жөнелтуші «Теңізшевройл» ЖШС зауытында тамыз және қыркүйек айларындағы күрделі жөндеу жұмыстарының жүруі салдарынан күкірт және сұйытылған көміртекті газын тиеудің азаюынан, сонымен қатар тамыз айының 18-нен қыркүйек айының 19-на  дейінгі аралықта «АНПЗ» ЖШС зауытында капиталды жөндеу жұмыстарының және 11-ші желтоқсанда «АНПЗ» ЖШС зауытының аумағында өрт болуы салдарынан жылдың соңына дейін жүк жөнелтуші «БатысТрансГрупп» ЖШС мұнай өнімдерін тиеу көлемінің тәулігіне орташа есеппен 100 вагонға төмендеу салдары кері әсерін тигізді. Бұдан басқа жүк пойызы қозғалысының орташа техникалық жылдамдығы 99,5 пайызға орындалды. Оның себебі жылдамдықты төмендетуге берілген ескертпелер санының қазан мен желтоқсан айларының орталығында артуы және қаңтар айында, наурыз айының үшінші аптасында  ауа-райының күрт төмендеп, қалың тұман мен күшті желдің тұруы болды. Осы жағдайлармен қатар бұл көрсеткішке машинистердің қағаз маршрут бетшелерінен электронды маршрут бетшелеріне көшуі, электронды маршрут бетшелеріндегі қателердің қайталануы да себеп болған көрінеді.   Өткен жылдың еншісінде жолаушылар пойыздарының  тасымалы  95,3 пайыз болып, 0,6 пайызға ғана кемісе, керісінше жүк пойыздарының  қатынасы  98,8 пайыз болып, өткен жылмен салыстырғанда жақсы көрсеткіш көрсетті. Қауіпсіздікке аса мән беріп, бұл бағытта профилактикалық жұмыстарды арттыру нәтижесінде 2016-2017 жылы Атырау ЖТ бөлімшесі бойынша өндірістік жарақаттанушылыққа жол берілмеген.          Өткен жылдың кірісі мен шығысын айтар болсақ, қосалқы көмек кірісінің қызметі жоспарға қарағанда 150 пайызға  орындалып,   109 млн. 123 мың теңгені құрады, соның ішінде ағымдағы ажырату жөндеу жұмыстарынан 79 млн.теңге (жоспарға 296%), бөлмелерді жалға беруден – 12 млн.теңге, басқа да қызметтерден – 18 млн.теңге пайда түскен.  Жалпы  қаржылық нәтижесі 32 млн. теңгені құрады.      Жалпы 2017 жылдың 12 айында қойылған міндеттер толығымен орындалды. АСУ ДКР арқылы жүк құжаттарының  рәсімделуі – 97,29% құрады. АСУ ДКР Ақжайық, Құлсары, Махамбет, Атырау, Мақат, Ганюшкино, Сазанқұрақ, Аққыстау, Сағыз, Қарабатан, Теңдік, Доссор станцияларында және де мемлекетаралық түйiсу бекеті  Ақсарай-2 станциясына  кірістірілген. Бір пойыз телімінде орындалған қозғалыс кестесін жүргізудің қағазсыз технологиясы Атырау – Исатай телімінде және де Атырау, Махамбет, Аққыстау, Сазанқұрақ станцияларына енгізілген. Машинистің электрондық маршруты 100 пайыз енгізілген. «Тастанды» пойыздар мәселесі  өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға  азайған.   Өткен жылды  осылай табысты қорытындылаған мұнайлы өңірдің теміржолшылары   биылғы жылға белгіленген  міндеттерді де абыроймен орындауға үмітті.  Айталық, Сағыз, Теңдік станцияларында автоматтандырылған жүйесімен басқару (АСУ СТ-Узел) қондырғысын орнату, «Электронды счет-фактура» енгізу және теміржолшыларды  сонымен жұмыс жасауға машықтандыру биылғы жылдың үлесінде .  Теміржолшылар  қағазсыз технология – уақыт талабы екенін жақсы біледі және оған дайын.  Сайып келгенде, қағазды электрондық нұсқаға ауыстыру арқылы уақыт ұту процесі теміржол саласына да келді. Елбасының Жолдауында міндеттелген цифрландыру жүйесі теміржол саласының өркениетті елдердегідей дамуына, шығынды азайтып, уақытты үнемдеп, адами капиталға мән беруіне ықпал ететін болады.

Тұрсын Калимова, Атырау

Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды