Толаскезді тиімді пайдаланып...

Аймақтар
30.10.2018, 13:04

Қызылорда жол дистанциясының жолшылары бөлімше басшылығының келісімімен Қызылорда қалпына келтіру пойызының ұжымымен бірлесіп Шиелі және Белкөл станцияларында бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жұмысын ойдағыдай атқарып шықты. Олар 4 сағаттан қос толаскездің әр минутын тиімді пайдаланды.

– Екі станциядағы бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру үшін 240 минуттық толаскез алынып, белгіленген уақыт ішінде жоспарланған жұмыстар толық атқарылып шыққан. Алдымен Шиелі станциясының сегізінші жолының №14 бағыттамалық бұрмасы ауыстырылды. Бұрманы ауыстыру үшін маневрлік тепловоз, баспаналық модуль, такелажка, Қызылорда қалпына келтіру пойызының ЕДК-300/2 жүк көтергіші мен жаңа темірбетон бағыттамалық бұрмалар тиелген екі платформа пайдаланылды. Қалпына келтіру пойызының ұжымы толаскез басталғанға дейін ауыр техникаларын арнайы белгіленген орынға жеткізіп, толаскез берілгенге дейін дайындық шараларын толық жасап дайын отырған.

– Толаскезге рұқсат берілген бойда ЕДК-300/2 жүк көтергішін іске қосып №14 бағыттамалық бұрманы бөлшектеп бұзып, жинап алу жұмысы басталып кетті. Әдетте ЕДК-300/2 жүк көтергішін жұмыс орнына орнату үшін кемінде отыз минут жоғалтамыз. Сондықтан уақытты тиімді пайдалану үшін алдын ала ауыстырылатын бұрмаға барынша жақын баруды жоспарлап, станцияның пойыздарды қабылдап-жөнелтетін сегізінші жолына маневрлік тепловоздың көмегімен құрал-саймандар тиелген құрамды әкеп қойдық. Яғни, жаңа темір бетонды бағыттамалық бұрма және көтергіш кранның асай-мүсейі тиелген платформа вагон құрамындағы жұмыс пойызы белгіленген нүктеге жақын қойылды. Шамамен 50 тоннадан асатын бағыттамалық бұрманы шартты түрде төрт бөлікке бөліп ауыстыру жұмысы басталып кетті және белгіленген уақыт ішінде ескі бұрманың орнына темірбетонды жаңа бұрма ауыстырылып болды. 120 минуттық толаскездің әр минутын бос жібермей тиімді пайдалана білдік деп айтуға болады, – дейді Қызылорда қалпына келтіру пойызының шебері Берік Әбжаппаров.

Қалпына келтіру пойызының тәжірибелі теміржолшылары алдымен бағыттамалық бұрманы бөлшектеп жинап алғаннан кейін арнайы техникалардың көмегімен бұрманың орнын тазартып, технологиялық талапқа сай дайындық жұмысын жүргізгеннен кейін темірбетонды жаңа бұрманы тағы да шартты түрде төртке бөліп қайта салды. Бұл жұмыстардың барлығы арнайы техникалардың және ЕДК-300/2 жүк көтергішінің көмегімен жүргізілді.

– Бағыттамалық бұрма жаңадан салынып болғаннан кейін бұрма астына қажетті жер төсемін төсеу қоса атқарылады, қиыршық тас және өзге де технологиялық процестер дайындығы жасалып, төселінген бұрманың түзулігі тексеріліп, пойыз өткізуге дайындығы пысықталады, мұны арнайы мамандар жүргізеді. Тек бұрманың пойыз өткізуге дайындығына толық сенімділік болғанда ғана онымен пойыз жүргізіледі, – дейді Қызылорда жол дистанциясының бастығы Дүйсенбай Әбдиев.

Шиелі станциясындағы №14 бағытамалық бұрманы технологиялық талап деңгейінде ауыстырған Қызылорда қалпына келтіру пойызы және Қызылорда жол дистанциясы теміржолшылары араға бір күн салып Белкөл станциясындағы №115 бағыттамалық бұрманы да осы тәсілмен ауыстырды. Мұнда да алдын ала дайындық жасалып берілген толаскез тиімді пайдаланды. Толаскез кезінде жылжымалы құрамдардың станциялардан бекітілген кестемен өткізілуіне кедергі келтірілген жоқ.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Суретті түсірген автор

Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді