Медеуді мекен еткендер

Аймақтар
01.11.2018, 15:45

      Табиғаты көркем, сонау... қар басқан шыршалы тау шатқалдарында атақты мұз айдыны жарқырап жатыр. Аралық станция жүк операцияларының көлемі мен күрделілігіне байланысты 3-класқа жатады.
Станция ұжымы шағын. 5 қабылдап-жөнелтуші және 20 кірме жолға бір ғана маневрлік тепловоз қызмет көрсетеді. Өткінші құрамдар көп. Тәулік сайын станция арқылы 40 жұп пойыз өтеді. Станцияға жақындаған кезде шағын болса да жүк тасымалдылығы жоғары екенін қарбалас жұмысынан байқайсыз. «Сулпак-маркетинг» ЖШС, «Компания древесных плит» ЖШС, «Mercur-custom» СВХ ЖШС сынды осы Медеуде орналасқан ірі компаниялар станцияның негізгі клиенттері болып табылады. 
Станция ұжымы барлық өндірістік көрсеткіштерді орындауда, жыл басынан бері жүк тиеу бойынша 1157-ге жетіп, 136 пайызға орындалды, ал жүк түсіру 6896 вагонды құрап, 96 пайызға орындалды.
Станция бастығы Болат Ағыбаев станция жұмыстарының барлық сатысынан өткен, теміржолшылар отбасынан шыққан жан. Өзінің еңбек жолын жоғары оқу орнын бітірген соң осы Медеу және көршілес Жетісу станцияларында жүк қабылдап-жөнелтуші болып бастап, сосын станция кезекшісі болған.  Жылдар өте тағдырдың жазуымен өзі еңбек жолын бастаған Медеу станциясына басшылыққа келгені кезінде өзін балапандай баулыған Владимир Кучкин, Дәулетбай Тышқанбаев сынды ұстаздарына нағыз «тосынсый» болды. 
Ұжым шағын болғанмен, Болат Тілепбергенұлының айтуынша, өте белсенді және ұйымшыл. Станция бастығы пойыздарды қабылдау ережелері бойынша, станция аумағындағы нақты жағдайларды ескере отырып маневр жасау бойынша т.т. апта сайын барлық жұмыс орындарында нұсқаулықтар жүргізеді. Салалас қызметтермен шешуін табатын көптеген мәселелер туындап жатады. Ондайда сол құрылымдық бөлімшелердің бірдей атсалысуының арқасында шешіледі.
Сонымен қатар, станция бастығы қоршаған ортаны, еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті жақсартуға бағытталған кешендік жұмыстарды ұйымдастырады және олардың орындалуын қадағалайды, жарақаттанудың алдын алуға арналған профилактикалық шараларға қатысады.
Кез келген станция тасымалдау қызметінде шешуші звено болып табылады, сондықтан ондағы әрбір теміржолшы, мейлі ол пойыз құрастырушы, жүк қабылдап-тапсырушы, тауар кассирі болсын – жауапты тұлға. Медеу станциясында 30 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан аға жүк қабылдап-тапсырушы Таисия Глесастың міндеті – келген пойыздарды қабылдап, вагондарды тексеру, тиеу-түсіру алдында жүктің салмағын, пломбалардың болуы мен жүкқұжаттарының, басқа да арнайы қағаздардың болуын бақылауда ұстайды, т.т.
Оның қырағы жанарынан ештеңе де тыс қалмайды.  Жалпы, жыл өткен сайын аға жүк қабылдап-тапсырушының өз жұмыс мәнері қалыптасатыны рас. Міне, Таисия Леонидовна мен Жанета Рахмидинованың да бүгінде өз қалыптасқан жұмыс істеу тәсілі бар мамандар. Екеуінің мінез-құлықтары да ұқсас, екеуі де шапшаң қимылдайды, өте жауапты. Кезінде олар да Медеу станциясына жүк қабылдап-тапсырушы болып келген жас маман Болат Ағыбаевқа тәлімгер болғандарын мақтаныш етеді екен.  
– Мен ең алғаш Медеуге келгенде бұл жердің тамаша табиғатына тәнті болып, қатты қызыққам. Алматының шуынан кейін бұл жер жердің жұмағындай көрінді, Медеуді мекен еткендерде де арман бар ма екен деп ойлағам, міне осылай өзіміз де Медеуді мекен етіп жатырмыз, – деп күлді станция кезекшісі Болат.

Елена ҚОЛДАСБАЕВА
Алматы

Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді