Жастарды шыңдау тренингі

Аймақтар
12.11.2018, 11:17

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жұмыс беруші тарапынан жас мамандардың әлеуетін барынша тиімді пайдалану тұрғысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның бір айғағындай, жуырда «Атырау жүк тасымалы» бөлімшесіне қарасты теміржолшы жастар арасында екі күндік «Инновациялық білім беру» тренингі өтті.  

Оның мақсаты – жас теміржолшылардың білімін жетілдіріп, әр түрлі жобаларды жүзеге асыру арқылы саланың мүмкіндігін арттыру. «Инновациялық білім беру» тақырыбында өткен тренингке Атырау бөлімшесіне қарасты 14 құрылымдық бөлімшелерден барлығы 105 жас маман қатысты. Олардың ішінде пойыз құрастырушылар, вагон жөндеуші, байланысшы, локомотив машинисі мен көмекшісі, жол жөндеуші, т.б. жас мамандар бар.

Тренингті Астана қаласындағы «Назарбаев университетінің» маманы Айнаш Сейітова өткізді. Оның айтуынша, мұндай тренингтердің мақсаты – жастардың білімін дамыту, жан-жақты болуға үйрету және бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартып, бірлікті нығайту. Шараны Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Бауыржан Картан ашып, сәттілік тіледі.

– Сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз. Осындай ауқымды әрі аса қажет шарадан қалдырмау үшін басшылық сіздерді екі күн жұмыстан босатып, жағдай жасап отыр. Компания тарапынан қандай шара болса да қолдап келеміз. Бүгінгі тренинг – соның бір жарқын көрінісі. Теміржолға жастар керек. Мемлекеттік «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша темір жолға қатысты мамандығы бар жастар алты ай сынақтан өтсе, тұрақты жұмысқа да алып жатырмыз, араларыңызда ондай мамандарымыз да бар, – деді ол.

 Тренинг барысында жастар әуелі танысудан бастап, бірқатар ширату ойындардан құралған кезеңдерден өтті. Яғни, іскерлікті шыңдау, идеялар іздеу, командалар құрастыру, менеджмент, көпшілік алдында сөйлеу, тағы басқа дағыларды меңгерді. Әрине, негізгі бағыт – жаңа жобаларды ұсыну. Соған сәйкес, сәтті қорғалған 12 жоба іріктеліп алынып, оның ішінде ерекше мүмкіндігімен көзге түскен үш жоба ерекше аталды. Атап айтқанда, «Қауіпсіз теміржол», «Қоқыс компрессоры» және «Қосалқы бөлшектер цехы» жобалары. Олар енді Астанада өтетін республикалық бәсекеде бақ сынамақ.

– Шыны керек, локомотивтерді жөндеуде іркіліс болатыны рас. Тепловоздар ескі, жиі бұзылады және оған қосалқы бөлшектер жетіспейді. Мәселен, бір бұранда үшін тепловоз жөндеуде ұзақ тұрып қалады, ал ол Ресейден келгенше күту керек. Тепловоздың тұрып қалуы тасымал көлеміне кері әсер ететіні де анық. Соған сәйкес, біз «Қосалқы бөлшектер цехын» ашу жобасын ұсындық. Оған қанша жабдық, қандай көлемде бөлме, неше адам жұмыс істейді, шығын мен кірісі қанша, қысқасы, бәрін есептеп қойдық. Біздіңше өзін ақтайды деп сенеміз, – дейді жоба авторларының бірі, Мақат локомотив пайдалану депосының инженер-жылутехнигі Есен Бағытжанов.

Келесі «Қауіпсіз темір жол» жобасы бойынша теміржолдағы адамдар мен жануарларды тепловоз көмегімен қашықтан байқау қондырғысы ұсынылса, үшінші жобада жолаушы вагондары үшін қоқыс компрессорларын пайдаланудың тиімділігі көрсетілді. Жалпы, үш жобада бүгінгі күнгі өзекті мәселені қозғап отырғаны анық. Сондықтан да білікті де тәжірибелі мамандардан құралған қазылар алқасы осы үш жобаны үздік деп танып, республикалық байқауға ұсынуға лайық деп тапты.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
25.11.2024
ҚТЖ Хорватия серіктестерімен байланысты нығайтады
Жаңалықтар
25.11.2024
Белгісіз біреулер Көкпекті – Нұра аралығындағы жолдан бекітпе болттарды ұрлап кеткен
Аймақтар
25.11.2024
Ардагерлер алғысқа бөленді
Әлемде
25.11.2024
Alstom Израильге электровоздарды жеткізуді аяқтады
Спорт
25.11.2024
ҚТЖ құрамасы – чемпион!
Жаңалықтар
25.11.2024
Транскаспий дәлізі: Бакуден Сианға алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді
Жаңалықтар
25.11.2024
Астана станциясының сигналшыларына жаңа қызметтік үй-жай берілді
ҚТЖ келбеті
25.11.2024
Теміржолшы Темірзақ жайлы бір үзік сыр
Инфрақұрылым
25.11.2024
Өткелдер қауіпсіздігі маңызды
Жаңалықтар
22.11.2024
ҚТЖ Бескөл депосында дизель отынының ұрланғанын анықтады
Жаңалықтар
22.11.2024
Ақмола бөлімшесі инфрақұрылымды жаңартуды және инновацияларды енгізуді жалғастыруда
Жүк тасымалы
22.11.2024
Қостанай ЖТ бөлімшесі қараша айында 2 359 вагон астық тиеді
ҚТЖ келбеті
22.11.2024
Жол монтерлерінің бір күні
Қауіпсіздік
22.11.2024
Жамбыл өңірінде қыста да қараусыз мал тиылмайды
Аймақтар
22.11.2024
«Syrmaq Fest»: Маңғыстаулық теміржолшы қолөнер көрмесін ұйымдастырды
Қауіпсіздік
22.11.2024
Шымкент станциясында өндіріс жарақатының алдын алу шарасы өтті
Әлеумет
22.11.2024
Күзет қызметкерлеріне көрсетілетін қолдау көп
Жаңалықтар
22.11.2024
Кәсіподақ сарапшылары құзыретін арттырды
Цифрландыру
22.11.2024
ІТ тақырыбына арналған білім сайысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
22.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №99 22 қараша 2024 жыл