Көмір жеткізу бағасы көтерілген жоқ

Аймақтар
13.11.2018, 07:38

Ел шығысындағы жұртшылық үшін қыстың басы саналатын қараша айы қатты отынның тапшылығынсыз басталды. Қазіргі таңда күллі аймақты көмірмен қамтып отырған «Қаражыра» АҚ мен «Восток пром уголь» ЖШС үшін басты әріптес саналатын Семей ЖТ бөлімшесі қаладағы барлық тұйық желілерге мезгілінде көмір жеткізуде.   

Жергілікті атқарушы билік және «Қаражыра» АҚ-мен арадағы келісімге сай жұмыс барысы жүйелі жүргізілуде. Соның нәтижесінде межелі шаралар нәтижелі жүзеге асып жатыр. Мәселен, осы күнге дейін Қаражыра көмір кенішінен жалпы көлемі 75336 вагонды құрайтын 5250734 тонна қатты отын тасымалданған екен. Өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырсақ, былтыр 62392 вагон болатын 4346022 тонна көмір тұтынушыға дер кезінде жеткізілген еді. Қатты отынның тасымалы бойынша құрылған жоспар қадағалау мен күш салу негізінде орындалуда. Бұл ретте вагон айналымындағы аздаған іркілістерге сыртқы факторлар себеп болуда. Яғни, кеніш басындағы алып техникалардың сынуы және қосалқы бөлшектерін ауыстыруға кететін уақыт ішінара кедергі туғызып жатады. Әйткенмен, соңғы айлардағы көрсеткіш ағымдағы жылға жоспарланған шаралардың 95 пайыздан аса орындалғанын көрсетіп отыр. Өткен жылы көмір тасымалы 120,7 пайыз болған-ды. Демек, жыл соңына дейін күтілген межеден шығуға толық мүмкіндік бар.

– Ағымдағы жылы көмір жеткізуді ертерек қолға алдық. Оның бір себебі, ұлттық компания басшылығы шешімімен күзгі мезгілде жеткізілетін көмір жазғы маусымға бөлініп, қыркүйекке дейін жылу орталықтарының нормативтік қорын жасаудың тың жолы қарастырылды. Соның аясында отын тасымалын үзіліссіз жүргізу үшін бөлімше тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Бүгінгі таңда көмір тасымалы бойынша вагондар жетіспеушілігі жоқ. Сондай-ақ, жергілікті жылу беру нысандары мен тұрғындар тарапынан шағым түспеді, – дейді Семей ЖТ бөлімшесі басшысының логистика жөніндегі орынбасары Болат Өтегенов.

Биылғы жылы жүк тасымалы бойынша тыңнан қосылған әріптес «Восток пром уголь» ЖШС мен арадағы келісім де оң нәтиже беруде. Мәселен, өткен айлар қорытындысы бойынша аталмыш мекеме тапсырысы бойынша 30610 вагонды құрайтын 2112090 тонна көмір жеткізіліпті. Бұл көрсеткіш жыл бойына белгіленген жоспардың 80 пайызын құрайды. Ал, семейлік теміржолшылар ендігі қалған екі ай, яғни, желтоқсанның соңына дейін жоспарды артық орындайтындықтарына сенімді.

Жылу беру маусымының басталуымен бірге сұраныс та арта түскен. Сол себепті жоспарлы шаралар да ширатыла түсуде. Қаладағы төрт бірдей тұйық желілерге көмір тиеген вагондар мезгілінде жеткізілуде. Қатты отынды осы орындардан алыс аудандарға жеткізетін жүк машиналарының көлемі де артқан. Айта кетерлігі сол, Семей қаласы бойынша ең арзан көмір – теміржолшылар жеткізетін қатты отын болып отыр. «Жігер» ЖШС-мен арадағы жасалынған үш жақты меморандум нәтижесінде оның бағасы тоннасына 8600 теңгеден көтерілген жоқ. Осы орайда жылдың аяғына дейін 8 млн тонна көмір тасымалдау семейлік теміржолшылар үшін басты меже болып отыр. Ал, Дегелең-Семей станциялары бағдары бойынша теміржолмен көмір тасымалдаудың тарифі жоғарыламады. Жаз айларындағы баға бойынша 824,5 теңге күйінде тұр. Жалпы, күллі республикамыз бойынша ең арзан көмір Қаражыра кеніші жақын орналасқан Семей қаласында ғана екен.

Жалпы, аталмыш бағыттағы жұмыстар жыл сайын қарқын алып келеді. Өткен жылы 6,7 млн тоннадан аса көмір тиелген. Ал оның көлемі 2020 жылға дейін жоспар бойынша 10,0 млн тоннаға дейін арттырылмақ.

Қуаныш Қожаев, Семей


Жаңалықтар
06.03.2026
ҚТЖ және SPSI Cloud Port Development агрологистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Теміржолшы аруларға тарту: ҚТЖ-да 8 наурыз мерекесі ерекше форматта өтті
Жаңалықтар
06.03.2026
Көлік министрлігі Huawei компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Олжас Бектенов Көкшетау теміржол вокзалын жаңғырту барысын тексерді
Жолаушылар тасымалы
06.03.2026
ҚТЖ пойыздарында мыңнан астам әйел жолаушыны 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Аймақтар
06.03.2026
Теміржолшылар коалиция мүшелерімен кездесті
Аймақтар
06.03.2026
Біздің ұжымдық блогер
ҚТЖ келбеті
06.03.2026
Әлемдік рекордтарды бағындырған теміржолшы
Жаңалықтар
06.03.2026
Еңбегі еленген теміржолшы
Жаңалықтар / Мұрағат
06.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №17-18 06 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ және Көлік прокуратурасы теміржол мәселелері бойынша жоспарлы отырыс өткізді
Аймақтар
05.03.2026
Айкүннің таңдауы
Аймақтар
05.03.2026
Жүрек қалауы – теміржол
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ Бас көлік прокуратурасы тарапынан жүргізілген тексеріске түсініктеме берді
ҚТЖ келбеті
05.03.2026
Вокзал дикторының хоббиі
Аймақтар
05.03.2026
Әйел – әр шаңырақтың ажары
Әлеумет
05.03.2026
«Нұрлы жол» вокзалында конституциялық реформалар мен алдағы референдум талқыланды
Қауіпсіздік
05.03.2026
Теміржол вокзалында балалар қауіпсіздігіне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қауіпсіздік
04.03.2026
Шымкентте теміржолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесі талқыланды
Әлемде
04.03.2026
Белград-Будапешт жоғары жылдамдықты желісі жүк тасымалы үшін қолданысқа берілді