Жамбыл теміржолшыларының кәсіподақ ұйымы өткен жылды қорытындылады

Аймақтар
14.01.2019, 13:39

Жамбыл вагон пайдалану депосының мәжіліс залында ЖТ-Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының кезекті есеп беру-сайлау жиыны өтті. Аталмыш конференцияға аймақтағы ұйымдардан сайланған 32 делегаттың 27-сі қатысты. 

Жиында Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Ақшораев есепті мерзімде кәсіподақ ұйымы тарапынан атқарылған жұмыстарға есеп берді.     

– Кәсіподақ ұйымы бөлімше басшылығымен бірлесіп талай игілікті істердің ұйытқысы болып жүр. Әсіресе, филиал қызметкерлерін ынталандыруда бөлімше басшысының тарапынан да түрлі деңгейде шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мысалы 2017 жылы «Станцияның үздік кезекшісі» байқауы ұйымдастырылса, өткен жылы «Үздік машинист» байқауы өтіп, қатысушылардың үлкен белсенділігін көрсетті. Тіпті, осы байқаудың жеңімпаздары бөлімше басшысының демеушілігімен шет елдерде –Түрік және Египет мемлекеттерінде демалып келді. Бұл – бұрын-соңды болмаған жағдай. Сондықтан, жыл өте қатысушылардың қатары да көбейіп, олардың жұмысқа деген ынтасы да өсе түскенін байқаймыз. Енді, амандық болса бөлімше басшысының демеушілігімен әкімшілік ғимараты маңындағы бұрынғы «қызыл бұрыш» толық күрделі жөндеуден өтіп, онда мұражай ашылатын болады. Бұл шараның басы-қасында барлығымыз да болатынымызға еш күмән жоқ, – деді кәсіподақ төрағасы.

Теміржолшылардың әлеуметтік жағдайын назардан тыс қалдырмаған кәсіподақ ұйымы балалардың да уақытын тиімді пайдаланып, қызықты өткізуі үшін талай шаралар өткізген. 2017 жылы теміржолшылардың ұл-қыздары Астана төрінде өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайтты. Ал былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жазғы каникул кезінде бір топ бала Алматы шаһарына барып, демалып қайтты. Сондай-ақ, жаңа жыл қарсаңында төрт бала Астанада өткен Кәсіподақ ұйымының жаңажылдық шарасына қатысып қайтты.  

Теміржолшылардың әлеуметтік жағдайына келетін болсақ, 2018 жылы Ұжымдық келісім-шарт бойынша 175 қызметкердің өтініші бойынша еңбек демалысына 3 688 мың теңге қосымша ақы төленсе, өмірден өткен 67 қызметкердің отбасына 2 409 мың теңге көмек беріліпті. 147 қызметкердің тісін емдеуге 3 378 мың теңге, 229 қызметкердің санаторийде ем алуына 27 747 мың материалдық көмек берілген. Сонымен қатар 48 мерейтой иесіне 4 778 мың теңге, жас үйленіп шаңырақ көтерген отбасылардан түскен 62 өтініш бойынша оларға 2 163 мың теңге көмек қарастырылыпты. Ал жалғызбасты 98 анаға 1 289 мың теңге көлемінде көмек көрсетілген.

– Бұдан бөлек біз зейнетке шыққан ардагерлерімізге де қолымыздан келген көмекті көрсетіп отырамыз. Өткен жылы қайырымдылық шараларға 8 391 598 теңге жұмсалды. Сондай-ақ, кәсіподақ белсенділерін ынталандыру, зейнетке шыққандарға , мерейтой иелеріне құрмет, түрлі шаралардың жеңімпаздарын марапаттауға, өз кәсібінің үздіктерін құрметтеуге, соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетуге, барлығы 6 248 594 теңге бөлінді. Мәдени-демалыс шараларына 13 175 204 теңге жұмсалды. Спорттық іс-шараларға 2 831 000 теңге, теміржолшылардың балаларына арналған демалыс шараларына 1 040 446 теңге бөлінді. Өткен жылы кәсіподақтың ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет Ақтау қаласында ТМД елдерінің ішінде әйелдер форумы болып өтті. Ол шараға ЖТ-Жамбыл бөлімшесінен бір өкіл қатысты. Сондай-ақ, ұзатылған жылы еліміздегі демалыс орындарының бірі – Алакөлде 26 қызметкер демалып келді, – деп ақпар берді Серік Ақшораев.  

Кәсіподақ жетекшісінің баяндамасынан соң ревизиялық комиссияның есебі тыңдалып, жалпы кәсіподақ жұмысына оң баға берілді. Ал жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын ортаға салып, бірнеше мәселелер көтерді. Серік Ақшораев ол мәселелерді өзінің қойын дәптеріне түртіп алып, мүмкіндігінше шешуге күш салатынына сендірді.   

Ерман Әбдиев, Жамбыл 

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды