Семей магистральдық желі бөлімшесінде өндірістегі қауіпсіздік бойынша семинар өтті

Аймақтар
23.01.2019, 16:07

Жуырда Семей магистральдық желі бөлімшесінде өндірістегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері жөнінде арнайы семинар болып өтті. Мақсат – адами факторлар бойынша қауіпсіздікті сақтауда тың табысқа жету.  

Аталмыш бағытта ұйымдастырылған тренинг бірінші кезекте еңбекті қорғау инженерлеріне арналды. Басқосу барысында сала мамандары жұмыс орындарындағы бақытсыздық жағдайларының алдын алу бойынша ұлттық компания көлемінде қолға алынған тың әдістемелік шаралармен танысты. Атап айтсақ, микротравмалар мен ауыр травматизмге ұрындырар ахуалдардың алдын алу бағытындағы атқарылуы тиіс жұмыстар мен ережелерге қанықты.

– Бұл жолғы жиын барысында өндірістегі қауіпсіздіктің 12 ережесі туралы кең көлемде мағлұмат берілді. Біздің мақсатымыз – жарақатсыз еңбек ету, ережелерді сақтау, тәртіп пен тиянақты жұмыс істей отырып, өндірісте теміржолшы өміріне төнер қауіп-қатерге жол бермеу, – дейді НЖС-6 бойынша еңбекті қорғау бөлімінің жетекші инженері Жомарт Шапишев.

Жиналғандар өндірістік травматизмге себеп болатын жағдайлармен кеңінен танысып, жұмыс орнындағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында орындалуы тиіс нормативтік ережелер жөнінде тың түсінік алды. Сондай-ақ, осы бағытта ұлттық компания бойынша өткен жылдың статистикалық мәліметтеріне де қанықты.

Өндірістік қауіпсіздік саласына жауапты мамандар сөзіне сүйенсек, ендігі аралықта бөлімше нөлдік травматизм бойынша арнайы әзірленген өзіндік бағдарлама аясында кең көлемде жұмыс жүргізбек. Ал оның аясында алдағы уақыттарда бақылау жұмыстары, семинарлар, озат еңбеккерлер үлгісін, еңбекті қорғау бойынша кәсіпорындардағы үздік іс-тәжірибелерді насихаттау сынды танымдық шаралар ұйымдастырылатын болады.

Қуаныш Қожаев, Семей 


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды