Шымкентте тежегіш табандығына қатысты онкүндік өтіп жатыр

Аймақтар
24.01.2019, 18:10

Шымкент станциясында өткен «Назар аударыңыз, тежегіш табандығы!» атты онкүндік осы вагондар қозғалысы кезінде олар бір-біріне соқтығысып, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін жайттардың алдын алу жолдарын пысықтап, башмак қойып, оны қадағалап тұруды дағдыға айналдыру қажеттігіне ден қойды. 

Вагондарды тарқату кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Тәулігіне 25 пойыз қабылдап әрі жөнелтетін станцияда теміржолшылардың тарапынан қателіктер кетпесі үшін тежегіш қоюдың тәртібі темірдей сақталуы тиіс. Осыған орай, станция басшысы Бердіхан Абдуллаевтың бұйрығымен онкүндік өтетіні туралы іс-шара әзірленіп, барлық бекеттерге хабарландырулар ілінді. Станцияға қатысты жұмысшылардың бәрі нұсқаулықпен танысып шығып, тежегіш табандықтары алынбай қалған жағдайда, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін бұзатын ақауларды және станция жолдарындағы бекіту нормаларының жеткіліксіздігі қалай болатыны көрсетілді. Шараға станцияның 75 қызметкері түгел қатысты.

Техникалық оқу-жаттығуға қатысушыларға қосымша нұсқаулықта көрсетілген есепке тіркеу тәртібі туралы, сақтау, маркировка, тежегіш қоюдың өз тәртібі бар, сондықтан башмактарын қалай пайдалануды, вагондарды бекіту үшін құрылғы, 11 ИДП, 82 қосымшаның 3.10, 3.11, 3.12 тармақтарын қайтадан оқып шығып, пысықтауы қадағаланды.

Онкүндік барысында ДУ-67 журналын сапалы жүргізбеген станция кезекшілеріне ескерту берілді. Сондай-ақ, станция паркі мен стеллаждағы башмактардың қолды болмауы үшін қозғалыс қауіпсіздігінің ревизорымен бірлесіп хаттама толтырылып, бөлімшеге жолданды. Онда тежегіш башмактарының ұрланбауы үшін Әскерилендірілген темір жол күзетінің мүмкіндігін қарастыруды өтінді.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент  

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды