Жаппай қар тазалауға жұмылды

Аймақтар
24.01.2019, 18:21

Семей теміржолшылары апта басында қармен күрес шараларына жұмылдырылды. Өңірде қардың айлық нормадан көп түсіп, қарлы боранның соғуына орай жол бойын қардан тазалау жұмыстары барлық станцияларда тәулік бойы жүргізілді. 

Қармен күрес науқандық шаралардың барлығы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котыревтың №905 ЦЗ бұйрығы аясында жүзеге асырылуда. Тек магистральдық желі бөлімшесінен 300-ден аса теміржолшы қар тазарту жұмысына тартылды. Сонымен қатар, желі бойындағы станцияларда қозғалысшылар да күш жұмылдырып, қарлы боранның үздіксіз соғуына орай бағыттамалы бұрмалар жағдайына жауапты мамандар тәулік бойы кезекшілік жасады. 

Бөлімше бойынша 45 дана қар тазалау мен жол бойын қардан аршу техникалары пайдаланылуда.

– Қаңтар айының 23-не дейінгі көрсеткіш бойынша 2,5 мың км жол қардан аршылып, 10000 текше метр қар шығарылды. Әсіресе, бөлімше бойынша қар алып қалу қаупі жоғары телімдерде қауырт жұмыс жүргізілді. Қазір ахуал тұрақты, - дейді НЖС-6 жол бөлімінің бастығы Қайыргелді Ахметжанов.

Жолшылар мен станция қызметкерлерінің күш салуы нәтижесінде пойыздар қозғалысының кестесі бұзылған жоқ. Аймақтағы күрделі метеорологиялық ахуалға орай арнайы әзірленген жоспарлар аясында күнделікті тың шаралар қабылдануда. Шығыстық теміржолшылар келесі аптаға болжанған -30 градустық қатты аязға даярлық жасау үстінде.

Қуан Ертіс, Семей  


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды