Мақсат – жоғары энерготиімділікке қол жеткізу

Аймақтар
01.02.2019, 15:10

Шу аудандағы маңызды темір жол мекемелерінің бірі – «Теміржолсу-Шу» ЖШС. Жерасты суларын алып, сарқынды суларды бұру арқылы, темір жол бойындағы елді мекендерді, әлеуметтік нысандарды таза ауыз сумен қамтудан бөлек өңірдегі темір жол мекемелері мен жолаушылар пойыздарын да сумен жабдықтап отырған мекеме қызметінің шарапаты мен сауабы мол.    

Соңғы екі жылдан бері Бауыржан Көкрекбаев басшылық етіп келе жатқан мекемеде бүгінгі таңда 170-ке жуық адам еңбек етеді. Ауыз су жалпы ұзындығы 207, 82 шақырымды қамтитын кәдуілгі су құбыры желілері арқылы тиісті орындарға жетіп отыратын болса, кейбір халық аз қоныстанған Шу мен Шешенқара станциялары аралығындағы бірнеше шағын станцияға су арнайы цистерналармен жеткізіледі.  

Жалпы, Теміржолсу-Шу мекемесі бүгінгі таңда ірі және шағын станцияларды қосқанда 40-қа жуық елді мекенді ауыз сумен қамтып отыр. Ал, су пайдалану тарифінің сомасын Тараз қаласындағы облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітеді. Тұрғындар үшін 1 метр куб ауыз суға тариф көлемі 30,12 теңге, сарқынды суға 21,00 теңгені құрайды.

Алайда, серіктестік басшысы тек үкімет қаражатына телмірмей, қосымша өзіндік табыс табуға көп көңіл бөліп келеді. Соның бір дәлелі, 2017 жылы кәсіпорын тапсырыс арқылы Шу локомотив пайдалану депосының қазандығын толық жаңартып, көгілдір отынмен жұмыс істейтін, қуаттылығы 1800 кВт болатын блокты-модульді қазандықты пайдалануға берген болатын. Жобаның құны 86637,3 мың теңге. Онда Белорусиядан алынған заманауи газ жабдығы қосымша құрылғыларымен орнатылды. Атап айтқанда, 578 метр жылу құбырлары, 100 метр электр желілері, 168 метр газ құбыры, су құбыры, автономды жағдайда қазандықты электр энергиясымен қамтамасыз етуге қауқарлы, қуаттылығы 100 кВт дизель-генератор жабдықталды. Жабдықтарды орнату жұмыстарын негіздемеге сүйене отырып, серіктестік жұмысшылары өздері атқарса, ал оны іске қосу тетіктерін Белорусия елінен келген арнайы мамандар түсіндіріп берді. Жабдыққа сатып алынған орыннан бір жылдық кепілдеме құжат берілген. Белгіленген уақыт аралығында Белорусия мамандары келіп, техникалық қадағалау қызметін жүзеге асырып отырды. Әрі қарай жұмысты жергілікті азаматтар жалғастыруда. Автоматты түрде басқарылатын бұл жабдықтың қызметін жүзеге асыратын бір-ақ адам бар, яғни бір оператор. Мұндағы басты ұстаным – заманауи үлгідегі материалдар мен жабдықтарды пайдалана отырып, жоғары энерготиімділікке қол жеткізу, жылу құбырларындағы жылу шығынын минималды деңгейге түсіру. Газ жабдығын орнатудың жүзеге асырылу мерзімі келісімшарт бойынша бір жылға жоспарланғанымен, бұл іске басшылық еткен білікті инженер, осы салада 30 жылдан астам тер төккен Т.Х.Үстеміровтің ерен еңбегінің нәтижесінде өз уақытынан алты ай бұрын аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Бұл тұста персоналды тиімді басқару, жұмысты ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығы мен құрамына он адам енген, білікті құрылыс бригадасының да ерекше рөлін атап өткен жөн.

 Серіктестік өз қаражаты есебінен инвестициялық бағдарлама бойынша жалпы сомасы 40408,5 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Нақты айтар болсақ, Тараз қаласында 290 метр, Шу қаласы бойынша бірнеше көшеден жалпы ұзындығы 3175 метр, Ақтаутас бекетінде 1220 метрлік су құбырларын ауыстырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, 12 насос-сорғы қондырғыларын сатып алды.

– 2018 жылы «Мөлдір бұлақ-2» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 30095,0 мың теңгеге 9 су нысанының санитарлық қорғаныс аймақтарын қоршау жұмыстарын жүзеге асырды. Өткен жылы серіктестік өзіне жоспардан тыс 6 миллионға жуық табыс көзін тауып, соның нәтижесінен биылғы жылы еңбеккерлердің жалақысы көтеріліп отыр. Ал, негізгі жылдық жоспар 12 млн теңге шамасында болатын. Бүгінгі таңда үстіміздегі жылдың да жұмыс бағыты айқындалды. Оны жандандыру үшін серіктестік қаражаты есебінен инвестициялық бағдарлама бойынша жалпы сомасы 30 150,7 мың теңгеге 1 автокран, 1 қызметтік көлік, 10 насос қондырғысы, жиынтық компьютер сатып алуды көздеп отырмыз, – дейді Бауыржан Қырықбайұлы.

Динара Батырхаирова, Шу  


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды