Кемшілік қайталанбауы шарт

Аймақтар
05.02.2019, 17:27

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев өткен жылы жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау барысында жүргізілген шаралардың нәтижесін саралап, «ҚТЖ»ҰК» АҚ басшылығы бекіткен тапсырмалар негізінде үстіміздегі жылы атқарылатын жұмыстарды айқындау мақсатында аймақтың Қызылорда, Шиелі, Қазалы және Сексеуіл станцияларында теміржолшылармен кездесіп, тораптық жиын өткізді.  

Станцияларда өткен тораптық жиындарға Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев, бөлімшенің бас ревизоры Алмат Молдашев, Шұғыл басқару бөлімі басшысы Кенжебек Өтегенов, локомотив шаруашылығы ревизоры Нұртай Байғазы, тепловоз пайдалану бөлімінің басшысы Жангелді Төрединов қатысып, баяндама жасады. Сондай-ақ, бөлімшелердің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшылары, кәсіподақ ұйымы төрағалары мен тораптық мекеме басшылары қатыстырылып, өткен жылы жіберілген кемшіліктердің қыр-сыры ақтарылып, олардың қайталанбау жолдарын қарастыру тапсырылды. 

Өткен жыл қорытындысында 16 көрсеткіштің бәрі 9 ай бойы 100 пайыз орындалып келген. Тек соңғы тоқсанда алты көрсеткіш толық орындалмай қалған. Әрине бұл көрсеткіштердің орындалмай қалуына бөлімше теміржолшыларының тікелей кінәсі жоқ. Жыл соңында жылжымалы құрамдардың тәуліктік орташа салмағы, локомотивтің тәуліктік өнімділігі секілді көрсеткіштерге әсер еткен жағдай көрші Өзбекстан бағытына жөнелтілуі тиіс 294 құраманың қабылданбай аралықта тасталуы екен.    

– Жыл соңында көрші мемлекеттердің қабылдамауына байланысты аралықта тұрып қалған тастанды пойыздар бөлімшенің жұмыс жоспарына қосымша қиындықтар туғызды. Ең соңғы құраманы 9 қаңтарда жөнелттік. Жалпы орындалған 10 көрсеткіш біздің экономикалық қорымызға 472млн теңге көлемінде табыс әкелді. Ал орындай алмаған 6 көрсеткіштен жоғалтқан ысырабымыз тапқан пайдадан аздау. Дегенмен, осыған қарамастан қорыта келгенде, 2018 жылды табыспен аяқтадық деп айта аламыз. Бөлімше өткен жылы 1936 құрамды өткізді, ал биыл екі жарым мың құрамды өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді бөлімше директоры.

Тораптық жиында, сонымен қатар, мекеме басшыларына техникалық сабақтардың сапалы өткізілуін қадағалау, анықталған кемшіліктердің тез арада жолға қойылуын және қайталануына жол бермеу жолдарын қарастыру, тепловоздардың жөндеу деполарынан сапалы жөнделіп шығуын тиісті мамандардың қатысуымен қатаң бақылауға алынуы, кездескен қауіпсіздік кемшіліктері уақытында жауапты мамандарға ескертіліп, құжат ретінде арнайы жорналға тіркеліп, хатталуы қатаң ескертілді. «Ең бастысы, былтырғы қайталанған кемшіліктен сабақ алып, биыл қайталанбауы шарт» деді қорытынды жиында бөлімше басшысы. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда-Сексеуіл-Қазалы-Шиелі 

Суреттерді түсірген автор


Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді