Үркерлі айдың бәрі қыс

Аймақтар
15.02.2019, 11:51

 «Кәрі құда» қыстың еліміздің өзге аймақтарында, әсіресе солтүстік пен шығыста салып жатқан лаңын естіп-көріп отырып, үскірік аязда қалың қармен күрес сынды табиғаттың төтенше құбылысынан тыныш түбек теміржолшылары құдайларына шүкіршілік айтып отыр десек болғандай.    

 Себебі, биыл Маңғыстауда қыс болмады деуге болады, бір-екі рет жауған қырбық қар көп жатпай, лезде еріп кетті. Бірақ, Маңғыстау жол дистанциясының №4 өндірістік телім бастығы Тұтқабай Оңғаров қыс салыстырмалы түрде басқа өңірлерден жылы болғанымен, өңменіңнен өтетін суық пен қарсыз, құрғақ борандар жиі болатынын айтады.

– «Үркерлі айдың бәрі қыс» деген, ауа райы да биыл бізге қарасып тұрғанымен, қыстың аты – қыс. Бүгін біз ақпан айының жоспарлы тексеруінде жүрміз. Жол шаруашылығының жағдайы мен қауіпсіздігін бақылаудамыз. Бағыттағыш бұрма аумай қалған жағдайлар, артық зақымдар, жол жабылулары болған жоқ. Бәрі қалыпты жағдайда, пойыздар кедергісіз жүріп, жолаушылар, жүктер ары-бері қатынап жатыр, – деп мәлімет берді жол шебері Талғат Есжанов, – жол жағдайы жақсы, бағыттамалы бұрмалар өзінің рұқсаттық өлшемінде. Ауыр ақаулардан аманбыз. Ішінара шпалдарды аударуымыз керек, желінген рельстер болады, соларды аударамыз...

Жалпы, Маңғыстаудың басында 18 жол бар. Оның 6-ы пойызды қабылдап-жіберетін, 12 жол келген вагондарды сұрыптап-жөнелтетін жолдар. Өткен жылға шолу жасап, биылғы жоспарлары жөнінде әңгімелеген Маңғыстау жол дистанциясының бастығы Бекберген Құрбанов жуырда жол жөндеу жұмыстары басталатынын жеткізді.

 – 2018 жылы Маңғыстау жол дистанциясында 47 км күрделі жөндеу болды. Оның бәрі темірбетонды шпалмен, қос бекітпелермен, ұзын плеттермен салынды. 20 км орташа жөндеу болды. Барлығы 67 км жөндеу жұмыстары жүрді. Былтырғы жылға жоспарланған жұмыстардың бәрі сәтті аяқталды. Енді биылғы жоспарда 17,6 км күрделі жөндеу, яғни Шетпе-14 разъезд арасы бар. Тендер өтті. Ол мердігерлік әдіспен жасалады. Сонымен қатар, Жетібай мен Өзеннің арасында 1966 жылы салынған 21 км 43 типті рельстеріміз бар еді. Соған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. «Ағадыр» ПЧМ мекемесі келді. Енді щебень, қиыршық тас, т.т. мәселесі шешілсе, ақпан айының ортасында, наурыз айының басында 21 км орташа жөндеу жұмыстары басталады. Демек, бұйырса, 38 км жол жөндеуден өтеді, – деді дистанция бастығы.

Маңғышлақ станциясының бастығы Сұлтан Тұрғанбаев жолшылармен бірге де, қозғалысшылар өз тараптарынан да комиссиялық тексерісті жиі жасап тұрады екен. Бүгін де ақпан айының жоспарлы тексерісіне шыққан №4 өндірістік телім бастығы Тұтқабай Оңғаров, жол шебері Талғат Есжанов, бригадир Бауыржан Қызылқұловтар қатарында станция бастығы да жүр. Станция басының қауіпсіздігін, жолдың қалыпты жағдайын бақылаумен айналысқан топпен бірге шыққан ақауларды уақытында актіге жазып, іс-шара жасақтап, дер кезінде қалпына келтіріп, пойыздар қауіпсіздігін сақтауға теміржолшылармен бірлесе қызмет етуде.

Түбек темір жолы бойынша өткен жылы 47 шақырым теміржол телімі күрделі жөндеуден өтті. Ал биылғы жылы өлке теміржолының тағы 38 шақырымы жөндеуден өтпек. Олар негізінен жарты ғасыр бұрын салынған Жетібай мен Өзеннің арасындағы ескі жолдар.  

  Оның бәрі темірбетонды шпалмен, қос бекітпелермен, ұзын плеттермен салынды. 20 км орташа жөндеу болды. Барлығы 67 км жөндеу жұмыстары жүрді. Былтырғы жылға жоспарланған жұмыстардың бәрі сәтті аяқталды. Енді биылғы жоспарда 17,6 км күрделі жөндеу, яғни Шетпе-14 разъезд арасы бар. Тендер өтті. Ол мердігерлік әдіспен жасалады. Сонымен қатар, Жетібай мен Өзеннің арасында 1966 жылы салынған 21 км 43 типті рельстеріміз бар еді. Соған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. «Ағадыр» ПЧМ мекемесі келді. Енді щебень, қиыршық тас, т.т. мәселесі шешілсе, ақпан айының ортасында, наурыз айының басында 21 км орташа жөндеу жұмыстары басталады. Демек, бұйырса, 38 км жол жөндеуден өтеді, – деді дистанция бастығы.    

Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау 


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды