Жас теміржолшының тың ұсынысы

Аймақтар
19.02.2019, 18:04

Өндіріске инновациялық технологияны енгізу жолында жастар белсенділігі жоғары. Мәселен, «ҚТЖ» АҚ Ақтөбе жүк тасымалы филиалының жетекші инженері Эльвира Әбдіғалиева штрих кодты енгізу, мүгедектерге арналған вагонды іске қосу, жолсерікті шақыратын түйменің пайдасы туралы жоба дайындады. 

Жалпы ақтөбелік жас теміржолшылар үнемі ізденісте жүреді. Олар өзіне жүктелген жұмысты атқарумен шектелмей, жаңалық енгізу, кейде теміржол саласын жетілдіруге қатысты ғылыми еңбектерді зерттейді. Эльвира Әбдіғалиева, мысалы, 8 жылдан бері тапжылмай еңбек етіп, сол уақытының бір бөлігін жаңа жобаларды ашып, қорғауға арнады. 29 жастағы маман алдағы Жастар форумында көпшіліктің назарына ұсыну үшін бірнеше жоба дайындап отыр. Ол жобалар теміржол саласының мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін арттырып, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге бағытталған. Әрі теміржолшылардың жұмысын жеңілдетеді.

«Жастар форумы бізді ғылыми жұмыстарға қызықтырып, ынтамызды арттырады. Әр өңірдің, облыс орталығы ғана емес, аудан, ауыл жастары бірігіп, ортақ мәселелерді көтеріп, кедергілерді жою үшін жетілдіру жолдарын қарастырады. Талай ұсыныс ескеріліп, қолдау тауып та жатыр. Ал менің тың жобаларыма келсек, бірінші, мекемедегі негізгі бұйымдарға штрих код енгізу қажет. Бұл шаруашылық заттарға есеп жүргізу кезінде уақыт үнемдейді деп ойлаймын. Екінші, жолаушылар қызметінде сапаны арттыру үшін вагондарға «жолсерікті шақыру» қоңырауын орнату тиімді болар еді. Темір жол қызметін таңдаған жолаушылар вагон ішінде жолсерікті іздеп жүрмес үшін купелерге отырып, шақырту қоңырауын басады. Үшінші ұсыныс мүгедектерге арналған вагондарды әлі де жетілдіре түсу үшін қосымша құрылғылар орнатуға қатысты. Мен алдағы өтетін Жастар форумына осы жобаларымды ұсынатын боламын», – дейді Эльвира Әбдіғалиева.

Теміржолшылар отбасында тәрбие алып, сол саланың дамуы мен жандануына үлесін қосып жүрген жас маман 2011 жылдан теміржолдың есеп-қисап жағында еңбек етіп келеді. Бірақ жобалары өндіріспен байланысты. Бұл жас маманның қоғамға бейім, жан-жақты екенін көрсетеді. Әрі өзі жұмыс істеп отырған мекемесінің дамуына үлес қосуды мақсат етеді.

«Менің анам да, әкем де теміржолшы. Әжем де теміржол саласында еңбек етті. Сондықтан мамандығым экономист болса да сала жұмысы маған бес саусақтай таныс», – дейді Эльвира.

Ардақ Ерубаева, Ақтөбе 


Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті