Түбек тынысымен танысты

Аймақтар
20.02.2019, 17:47

             «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Махамбет, Тасымалдау үдерісін үйлестіру департаментінің директоры Алпамыс Балғынбеков және жедел-нұсқау бөлімі бастығының орынбасары Шыңғыс Мерғалым Маңғыстауға барып, түбек теміржолының бүгінгі жай-күйімен танысты.     

       Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесін ақпанның 11-13 аралығында аралаған олар осы іссапар шеңберінде диспетчерлік аппарат жұмысын, оның заманауи техникалық жабдықталуын, “Қазтеміртранс” АҚ филиалының диспетчерлік жұмысын, АСУ ДКР жүйесі қызметін көріп, Маңғыстау торабы жұмысшылары мен басшыларының қатысуымен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін талқылау жөнінде тораптық жиын өткізді, сонымен қатар логистикалық-инфрақұрылымдық нысандары, атап айтқанда, Ақтау теңіз сауда порты, Құрық портының паром кешені, "Ақбидай" және "Солтүстік" астық терминалдарын аралады. Тораптық жиында 2018 жылдың қорытындысы және биылғы жылға жоспар құру, пайдалану көрсеткіштерінің орындалуы сөз болды.

– Жалпы 2018 жыл компаниямыз үшін табысты жылдардың бірі болды, жүк тасымалдау көрсеткіштерінің нәтижелері жақсы деп айтуға болады. Бірақ жұмыс барысындағы жіберілген қателіктер мен кемшіліктер бар, әсіресе қауіпсіздік бойынша орын алған кемшіліктер. 2017 жылдың көрсеткішіне қарағанда былтыр кем-кетік 33 пайызға азайған, дегенмен адам факторының кесірінен, яғни дұрыс жұмыс жасамау, жұмысқа салғырттық кемшіліктерді көбейіп отыр, – деді Алпамыс Балғынбеков.

Қауіпсіздік туралы сөз етсек, адамдардың жолға шығып кетуіне байланысты орын алатын оқыс жағдай, бақытсыз оқиғалар Алматы, Жамбыл және Шымкент бөлімшелерінде көп байқалады екен, оның бірден-бір себебі халықтың тығыз орналасуы, халық санының көп болуы, тұрғын үйлердің темір жолға жақын болуы немесе оқушылардың мектепке қатынауы кезінде темір жолды кесіп өтуінен деген тұжырым жасалуда.

Іссапар қорытындысында бөлімшенің тиімді жұмысын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық техникалық шаралар кешені жасалды. Бөлімше жұмысына оң баға беріліп, алдағы уақытта бизнес үдерістерді жақсарту бойынша ұсынымдар айтылды. Сонымен қатар жиналыс қаулысымен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына «ҚТЖ» бойынша тасымалдау процесі кезінде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орталық аппараттан келіп түскен бұйрықтарды уақытылы орындау тапсырылды. Ал бөлімше басшыларына 2018 жылдың көрсеткіші бойынша анықталған дизель отынын шамадан артық пайдалану 2019 жылы қайталанбауы үшін жұмыс жүргізу, тапсырыс берілген тепловоздар 2 сағаттан артық тұруын болдырмау үшін диспетчерлік аппаратпен қатаң түрде жұмыс жасау, рейстік және варианттық пойыздарын уақытылы жүргізу, локомотивтік паркті өз көлеміне қарай пайдалану, аз локомотивпен көп жұмыс жасау, «Машинистердің ескерту кітабы» бойынша тіркелген кемшіліктермен жұмыс жүргізу, машинистердің жағдайына, жұмысқа шығуына және еңбек қорғау бойынша көңіл бөлу, әрбір локомотив сағатын санап, локомотивтердің техникалық жағдайын үнемі бақылауға алу міндеттері жүктелді.

Ұлан ОРАЗ


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды