Қазыналы қарттарға құрмет

Аймақтар
22.02.2019, 01:38

Елінің болашағы үшін еңбек етіп, жастарға бағыт-бағдар көрсетіп, үлгі-өнеге болған қазыналы қарияларымыз қай ұжымда болмасын көптеп саналады. 

Жуырда Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Шу белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Нұрлан Баялиевтің басшылығымен, мекеменің бір топ ардагерімен кездесу өтті. Шараға ұзақ жыл дистанцияға басшылық жасаған Саржан Балмұхамедов, Қартайған Аязбаев, саналы ғұмырын темір жолдың өркендеуіне арнаған ардагерлер Ербай Садықов, Құрман Жанболатов, Марат Әбирбаев, Мейірқұл Ақшабаев, Мият Беріков, Серік Тлепбергенов сынды майталман теміржолшылар арнайы шақырылды. Кездесу барысында мекеме басшысы дистанцияның бүгінгі тынысы, жеткен жетістіктері мен алған асулары, кейбір түйінді мәселелер туралы айтып, ел темір жолының бүгіні мен ертеңі туралы үлкендермен ой бөлісті. Оларға мекеменің дамуына қосқан қажырлы еңбектері мен жас ұрпақ тәрбиелеудегі ұлағатты істері үшін зор алғыс айтты.   

Ардагерлер өз кезегінде, өткен өмір жолдарындағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, елімізге тыныштық, бірлік тілей отырып, дистанция басшылығына ризашылықтарын білдірді. 

Кеш соңында қонақтарға экономика ғылымдарының докторы Н.Қ.Есенғаринниң жалпы редакциясымен дайындалған белгі беру және байланыс дистанцияларының тарихы мен қалыптасуынан сыр шертетін «Қазақстан темір жолындағы автоматика, телемеханика және байланыстың дамуы» атты кітабы тарту етілді.

Ерман Әбдиев, Шу

Суретті түсірген автор



Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды