Қауіп-қатермен бетпе-бет

Аймақтар
22.02.2019, 16:43

Маңғыстау станциясының темір жол паркінің екі жағында жаяу жүргіншілерге арналған 2 өтпежол бар. Ол өтпелер туралы арнайы тақтайшалар, перронда ескерту белгілері қойылған. Соған қарамастан жолдан өту ережесін өрескел бұзып, өз өмірлерін қатерге тігіп жатқандар азаяр емес. 

Темір жолды кесіп өткенде тек қана осы өтпелерден өту керектігі, онда да аса сақтықпен жан-жаққа қарап, жақындап келе жатқан пойыздың, тепловоздың жоқтығына көз жеткізіп қана өту керектігі Маңғыстау станциясы теміржолшыларының ұйымдастыруындағы әр рейд барысында тұрғындарға түсіндірілумен келеді. Бұл жолы да құрамында Маңғыстау станциясының бас инженері Б.Исатаев, Маңғыстау станциясы бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің бас маманы Н.Қанатқалиев, Маңғыстау вагон пайдалану депосында нұсқаушы В.Сүлейменов, Маңғыстау жол дистанциясында жол шебері Т.Есжанов, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Маңғыстау станциясындағы атқыштар командасының шұғыл әрекет ететін оңтайлы тобының күзетшілері М.Үндемесов, Е.Бисалиев бар топ «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында кезекті рейд өткізіп, теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселесі бүкіл ел аймағында өзекті болып отырғанын айтып, дабыл қақты. Жалпы Қазақстан темір жолында бөгде адамдар мен қараусыз жүрген малдарды пойыз басып кету оқиғалары азаймай отырғандығын айта келіп, Маңғыстау станциясына жолаушылар пойызы келгенде ауыл тұрғындары, ересек адамдар мен балалар барлық ескерту белгілері қойылғандығына қармастан белгіленбеген жерден өтетін жағдайлар көп орын алатындығын жеткізді. Перрон басында өткен халықпен кездесуде темір жолдың белгіленбеген орындарынан жолдан өту өз өмірлері үшін қауіпті екендігі, балалардың темір жол аймағында ойнауға болмайтындығы, әр ата-ана мен ұстаздар, оқушы балаларға жол бойына тас қою, вагондардың, жол құрылғыларының, бөлшектерінің ұрлануы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні тағы да ескертіліп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Ал мұндай шарттар орындалмаса, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын да жеткізді.   

– Осы өтпелерден басқа жерден темір жолды кесіп өтуге қатаң тыйым салынады. Оған заңмен арнайы түрде жазалау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, ҚР Құқықбұзушылық туралы Кодекстің 559-бабы, 5-тармағы бойынша 3 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу шарасы қолданылады. Ал егер темір жол жұмысына кедергі келтіретін немесе қауіп төндіретіндей жағдай болса, яғни темір жол бойына бөтен нәрселер тастау немесе қойып кету фактілері орын алған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіштен бастап қылмыстық іс қозғалуға дейін барады, – дейді Ақтау станциясы желілік ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы Жәнібек Абилакимов. Оның айтуынша, осы айдың 11-15 аралығында 61 адамға әкімшілік хаттама толтырылған. Олар ұсақ бұзақылық жасаған, ішімдік ішкен, 4-еуі белгіленбеген жерде темекі шеккені үшін, 4-еуі белгіленбеген жерде сауда-саттық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Сондай-ақ, арнайы рейд барысында теміржолдың белгіленбеген жерінен өткен 10 адам қолға түсіп, үшеуіне әкімшілік хаттама толтырылған. Қалғандары ауызша ескертумен жіберіліпті.

Қазір темір жол бойын арнайы әскерилендірілген темір жол күзеті қызметкерлері күзетеді. Осы күзет құрылымының құрамында шұғыл әрекет ететін мобильді топ бар. Егер темір жол бойын белгіленбеген жерден кесіп өту фактісі анықталса, тәртіп бұзушы дереу желілік ішкі істер бөліміне тапсырылады. Ары қарай ішкі істер органдары жазалау шараларын қарастырады. Сондықтан, мұндай ескертпелерді менсінбей, өткелдерді алыссынып, темір жолды кез келген жерден кесіп өтудің соңы жақсылыққа апармайтынын әрбір жан түсінуі қажет.

  Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау 


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды