Шаңғы жолына шықты

Аймақтар
26.02.2019, 10:50

Семейлік теміржолшылар қысқы табиғат аясында, саф таза ауада денсаулық күнін өткізді. Бұл күні барша сала мамандары қызметтік киімдерін спорттық формаға ауыстырып, шаңғы арқалап, Ертіс ортасындағы әсем аралдағы жаңадан ашылған спорт кешеніне келген болатын. 

Семей ЖТ бөлімшесінің спорт нұсқаушылары ұйымдастырған, салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат тұтқан осынау шара барысында теміржолшылар қауымы бірінші кезекте жылдағы дәстүрге сай президенттік тест тапсырды. Бұл күні бөлімшеге қарасты барлық мекемелер мен еншілес ұйымдар қызметкерлері мол жиналған болатын. Әдеттегіше ерлер екі шақырым, ал әйелдер қауымы бір шақырым қашықтықты шамамен 10 минут ішінде бағындырулары тиіс болатын. Кезектесіп шаңғы жолына шыққан теміржолшылар қауымы бұл үдеден табыла білді. Түрлі сайыстарға қатысып жүрген әуесқой жігіттер екі шақырымды небары 6 минут 4 секунд ішінде шаңғымен жүріп өтіп, жылдағы рекордты жаңартты.

«Локомотив» спорт клубының спорт нұсқаушысы Наталья Мешкованың айтуынша, президенттік тест тапсыруға ынта білдіргендер саны биыл жылдағыдан әлдеқайда көп болыпты. Сәйкесінше, шаңғымен уақытқа жүгірудегі көрсеткіш те жоғары.

Дегенмен шаңғының қызығы шара соңынан ұйымдастырылған қалалық біріншілік барысында тіптен арта түсті. Бұл байқауға қаладағы белді деген мекемелер мен еңбек ұжымдарының кіл жүйрік шаңғышылары қатысқан болатын. Семей ЖТ бөлімшесі бойынша да ұлттық компания жарыстарында топ жарып жүрген қыз-жігіттер іріктеліп шықты. Жанкүйерлердің қиқу салуымен сайыс барысы тіптен қыза түсті. Теміржолшылар намысын Зульфия Еникеева, Наталья Мешкова, Аманжол Аусыдықов сынды спортшылар қорғады. Осынау жарысқа арнайы даярлық өткізіп, шеберлік шыңдап жүрген әуесқой шаңғышылар жарады. Сайыстың нәтижесінде командалық есеп бойынша бас жүлде бірінші орынды ҚТЖ туын желбіреткен Семей ЖТ бөлімшесінің спортшылары жеңіп алды. Ал, екінші орынды осыған дейінгі сайыстарда теміржолшылардың алдын орап кетіп жүрген «Семей силикат зауыты» АҚ спортшылары алса, үшінші орынға күллі облысты электр қуатымен қамтып отырған «ШҚ АЭК» АҚ командасы тұрақтады.

Жеңімпаздарға арнайы түрде бағалы сыйлықтар мен мақтау грамоталары және жекелей құрмет қағаздары табыс етілді.

Қуаныш Қожаев, Семей 


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды